https://sputnik.kz/20260601/bektenov-blogerlerdi-esirtkige-qarsy-kures-sharalaryna-zhumyldyrudy-tapsyrdy-63860510.html
Бектенов блогерлерді есірткіге қарсы күрес шараларына жұмылдыруды тапсырды
Бектенов блогерлерді есірткіге қарсы күрес шараларына жұмылдыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Аталған жұмыстарға әкімдіктер де белсенді түрде атсалысуы керек 01.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-01T18:58+0500
2026-06-01T18:58+0500
2026-06-01T18:58+0500
үкімет
блогер
есірткі
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1b/62205982_0:57:3010:1750_1920x0_80_0_0_1d9104a3a54d9420b25e1eb307b6a40d.jpg
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысында Олжас Бектенов есірткіге қарсы күрес шаралары бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады үкімет.Премьер-министр қаржы министрлігіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп, химиялық заттар мен қосарлы мақсаттағы өнімдердің әкелінуіне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ мұндай тауарларды тексеру тәртібін қайта қарауды тапсырды.Бұдан бөлек Олжас Бектенов қылмыстық ұйымдардың криптовалютаны және өзге де цифрлық құралдарды пайдалануы, бір апта мерзімде мемлекетаралық цифрлық платформа құру бойынша келісілген ұстанымды енгізу, есірткі қылмыстарын тергеудің қолданыстағы әдістерін қайта қарау, өңір әкімдеріне штабтардың жұмысын жеке бақылауға алу, жастардың жұмыспен қамтылуы мен бос уақытына, әсіресе демалыс кезеңіне ерекше назар аудару бойынша тапсырмалар берді.Белглһілі болғандацй, 28 мамырдан 26 маусымға дейін Қазақстанда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне (26 маусым) орайластырылған есірткіге қарсы акциялар өткізіледі.Сонымен қатар жазғы каникул қарсаңында жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың алдын алуға бағытталған ауқымды ақпараттық-профилактикалық науқан ұйымдастыру тапсырылды.
https://sputnik.kz/20260512/ruqsatsyz-bir-tamshy-su-berilmeui-tiis-bektenov-ministrge-tapsyrma-berdi-63345482.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1b/62205982_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_684d9b7118fa28463cae6cd27273aad1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, блогер, есірткі
Бектенов блогерлерді есірткіге қарсы күрес шараларына жұмылдыруды тапсырды
Аталған жұмыстарға әкімдіктер де белсенді түрде атсалысуы керек
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысында Олжас Бектенов есірткіге қарсы күрес шаралары бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады үкімет.
Премьер-министр қаржы министрлігіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп, химиялық заттар мен қосарлы мақсаттағы өнімдердің әкелінуіне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ мұндай тауарларды тексеру тәртібін қайта қарауды тапсырды.
"Оның үстіне прекурсорлардың басым бөлігі бірнеше мақсатта қолданылады әрі олардың кейбірі елге заңсыз әкелінеді. Цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін белсенді түрде енгізіңіздер", — деді үкімет басшысы.
Бұдан бөлек Олжас Бектенов қылмыстық ұйымдардың криптовалютаны және өзге де цифрлық құралдарды пайдалануы, бір апта мерзімде мемлекетаралық цифрлық платформа құру бойынша келісілген ұстанымды енгізу, есірткі қылмыстарын тергеудің қолданыстағы әдістерін қайта қарау, өңір әкімдеріне штабтардың жұмысын жеке бақылауға алу, жастардың жұмыспен қамтылуы мен бос уақытына, әсіресе демалыс кезеңіне ерекше назар аудару бойынша тапсырмалар берді.
Белглһілі болғандацй, 28 мамырдан 26 маусымға дейін Қазақстанда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне (26 маусым) орайластырылған есірткіге қарсы акциялар өткізіледі.
"Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, блогерлерді және танымал тұлғаларды белсенді тарта отырып, есірткіге қарсы күрес айлығын өткізуді қамтамасыз етсін. Аталған жұмыстарға әкімдіктер де белсенді түрде атсалысуы керек", – деп тапсырды премьер-министр.
Сонымен қатар жазғы каникул қарсаңында жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың алдын алуға бағытталған ауқымды ақпараттық-профилактикалық науқан ұйымдастыру тапсырылды.