Қазақстандық жеңіл атлетші рекорд орнатты

© Photo : "Астана" олимпиадалық даярлау орталығыМаксим Сажнев
Максим Сажнев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2026
Жазылу
Финалда 17 жастағы спортшы 60,45 метр нәтижемен қарсыластарын артта қалдырды
АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстандық жеңіл атлетші Максим Сажнев 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Гонконгта өткен Азия чемпионатында диск лақтырудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportplustv.kz.
Финалда 17 жастағы спортшы 60,45 метр нәтижемен қарсыластарын артта қалдырды. Бұл көрсеткіш оның жеке рекорды ғана емес, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстанның жаңа рекорды болды.
Жарыс барысында Максим алғашқы үш әрекетінде нәтижесін әрдайым жақсартып, 45,67 метрден 60,45 метрге дейін көтерді.
Легкоатлетка Нора Джеруто - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында екінші алтын жүлдесін жеңіп алды
Жаңалықтар
0