LRT-ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

© Sputnik / Санат ИмангалиевСтроительство LRT в Астане
Строительство LRT в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2026
Жазылу
Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды
АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің желідегі парақшасында LRT-ның көрсеткіші жайлы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жетті. LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін", - деп жазды Астана қаласының әкімі.

Айтуынша, күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Қасымбек LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталғанын айтты.
Astana LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Астанада LRT-ға бір күнде мінген жолаушылардың саны жарияланды
Жаңалықтар
0