Биыл пойызбен 500 мыңнан астам бала тасымалданды

© Photo : "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясыБиыл пойызбен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Биыл пойызбен 500 мыңнан астам бала тасымалданды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 мамыр - Sputnik. Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
Ең танымал бағыттар Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей және Алматы – Семей бағыттары болды.
Кәмелетке толмаған жолаушыларға пойызда қолданылатын жеңілдіктер:
ата-аналарға бөлек орын алмаса, 7 жасқа дейінгі бір баланы тегін тасымалдауға рұқсат етіледі;
7 жасқа дейінгі бірнеше бала болған жағдайда тек бір балаға тегін жол жүру рұқсат беріледі, қалғандарына балалар билеттері сатып алынады;
7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін 50% жеңілдікпен балалар билеті ресімделеді;
15 жастан асқан балаларға ересек билет сатып алынады, заңды өкілден нотариалды куәландырылған келісім болған жағдайда дербес жол жүруге болады.
Сонымен қатар барлық маршруттарда балалар контенті бар мультимедиялық қызметтер жұмыс істейді, ал мейрамхана вагондарында бейімделген мәзірлер ұсынылады.
Астанада отбасылық ойын-сауық жобасы — Поттер пойызы алғашқы сапарына аттанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Астанада отбасылық ойын-сауық пойызы алғашқы сапарға шықты
Жаңалықтар
0