Түркістан облысында ер адам өзгенің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

© pixabayКолесо автомобиля
Колесо автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2026
Жазылу
Полицейлер көлікті "Алматы - Ташкент - Термез" тас жолында байқап, тоқтатпақ болған
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында мас ер адам өзгенің көлігін заңсыз мініп кеткен.
Полицияға көлігінің жоғалғаны жөнінде Түлкібас ауданының тұрғынынан хабарлама түскен.
Ол үйінің алдында есігі ашық тұрған көлігін белгісіз біреу айдап кеткенін айтқан.
Полицейлер көлікті "Алматы - Ташкент - Термез" тас жолында байқап, тоқтатпақ болған.
Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қашуға тырысқан.
Дегенмен жүргізуші ұсталды.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Астанада Бас прокуратура қызметкері мас күйде көлік басқарған
Жаңалықтар
0