https://sputnik.kz/20260530/qazaqstanda-zhana-tugan-sabilerge-negizgi-zhauapkershilik-pediatrlarga-qayta-zhukteledi-63831734.html
Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі
Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі
Sputnik Қазақстан
Ал жалпы практика дәрігерлері медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде пациенттердің жалпы ағынымен жұмысын жалғастырады 30.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-30T12:54+0500
2026-05-30T12:54+0500
2026-05-30T12:54+0500
бала
дәрігер
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/1274/75/12747563_0:0:2001:1125_1920x0_80_0_0_079c999eb51df771323c0f419268afb0.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі педиатриялық көмектің гибридті моделін енгізуді қарастырып жатыр.Министрліктің алқа отырысында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова реформалар реформаның өзі үшін емес, азаматтарымыздың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.Министрдің айтуынша, елдегі қолданыстағы педиатриялық учаскелер сақталады. Бүгінде олардың саны шамамен 1300-ді құрайды, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) желісіндегі учаскелердің жалпы саны – 13 375. Сонымен қатар педиатрларды ынталандыру мақсатында қосымша үстемақылар мен мамандарды қолдау шараларын қамтитын жаңа ынталандыру жүйесі енгізіледі.Пилоттық жобаның шеңберінде министрлік балаларға медициналық көмек көрсетудің аралас жүйесі табысты қолданылып жүрген елдердің халықаралық тәжірибесіне негізделген гибридті модельді сынақтан өткізеді.2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жалпы практика дәрігерлерін даярлау тәжірибеге бағдарланған сипатқа ие болады. Білім беру үдерісіндегі негізгі назар стационарлардың клиникалық базаларынан медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына ауыстырылады. Өйткені болашақ мамандар халықпен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын дәл осы деңгейде меңгереді.Қазіргі таңда елімізде шамамен 7 миллион бала тұрады, бұл халықтың жалпы санының 34 пайызын құрайды. Соңғы он жылдың ішінде балалардың саны 1,5 миллион адамға артқан, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260508/2026-zhyldyn-sonyna-deyin-biryngay-densaulyq-saqtau-portaly-iske-qosylady-63281209.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/75/12747563_222:0:1722:1125_1920x0_80_0_0_6d54a9fd3bd51cc1706cb3156db8c468.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, дәрігер, денсаулық сақтау министрлігі
бала, дәрігер, денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі
Ал жалпы практика дәрігерлері медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде пациенттердің жалпы ағынымен жұмысын жалғастырады
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі педиатриялық көмектің гибридті моделін енгізуді қарастырып жатыр.
Министрліктің алқа отырысында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова реформалар реформаның өзі үшін емес, азаматтарымыздың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Сондықтан біз қолданыстағы тәсілдерді қайта қарап, үздік халықаралық практикаларды ескеруге және пациенттердің қажеттіліктері мен еліміздің нақты жағдайына сай шешімдер қабылдауға дайынбыз", – деді Әлназарова.
Министрдің айтуынша, елдегі қолданыстағы педиатриялық учаскелер сақталады. Бүгінде олардың саны шамамен 1300-ді құрайды, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) желісіндегі учаскелердің жалпы саны – 13 375. Сонымен қатар педиатрларды ынталандыру мақсатында қосымша үстемақылар мен мамандарды қолдау шараларын қамтитын жаңа ынталандыру жүйесі енгізіледі.
Пилоттық жобаның шеңберінде министрлік балаларға медициналық көмек көрсетудің аралас жүйесі табысты қолданылып жүрген елдердің халықаралық тәжірибесіне негізделген гибридті модельді сынақтан өткізеді.
"Жаңа модельге сәйкес, педиатрлар ерте жастағы балаларды бақылауға және күрделі клиникалық жағдайларды қадағалап-қарауға негізгі жауапкершілік алады. Ал жалпы практика дәрігерлері медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде пациенттердің жалпы ағынымен жұмысын жалғастырады", - деп жазылған хабарламада.
2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жалпы практика дәрігерлерін даярлау тәжірибеге бағдарланған сипатқа ие болады. Білім беру үдерісіндегі негізгі назар стационарлардың клиникалық базаларынан медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына ауыстырылады. Өйткені болашақ мамандар халықпен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын дәл осы деңгейде меңгереді.
Қазіргі таңда елімізде шамамен 7 миллион бала тұрады, бұл халықтың жалпы санының 34 пайызын құрайды. Соңғы он жылдың ішінде балалардың саны 1,5 миллион адамға артқан, дейді министрлікте.