Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ЕО атынан келіссөз жүргізушімен кездесу немесе кездеспеуді Ресей өзі шешеді - Путин

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2026
Жазылу
Ол Еуропалық Одақтағылар өздерінің атынан келіссөз жүргізетін адамды өздері тағайындау керек екенін айтты
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Еуроодақ атынан келіссөз жүргізушіні таңдау Ресейдің ісі емес, бірақ онымен кездесу немесе кездеспеу Ресейдің таңдауы, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Келіссөз жүргізушіні таңдау біздің ісіміз емес, бірақ, бүгінгі Батыс Еуропа саясатындағы ол адаммен кездесу немесе кездеспеу біздің ісіміз. Бұл біздің өз шешіміміз", - деді Путин Қазақстанға мемлекеттік сапарынан кейін журналистерге.
Ресей президенті Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредердің Ресеймен келіссөздер жүргізуге кандидатурасын ұсынғанына Еуропада оң реакция болғанын айтты.
Путин 9 мамырда журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Шредерді Ресей мен Еуропа арасындағы диалог үшін ең қолайлы келіссөз жүргізуші деп атады.
"Олар тарапынан реакция болды. Мен оны байқадым: оң реакция да, теріс реакция да болды, бірақ оң реакция басым болды", - деді Путин.
Ол Еуропалық Одақтағылар өздерінің атынан келіссөз жүргізетін адамды өздері тағайындау керек екенін айтты.
Еуроодақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ пен Украина Киевке несие беру бойынша негізгі құжаттарға қол қойған жоқ
Жаңалықтар
0