Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Шетелде сегіз миллионға жуық украиналық жүр – Андрей Сибига

© AP Photo / Efrem LukatskyФлаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом "Родина-мать" в Киеве
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Украина сыртқы істер министі Радада мәлімдеме жасады
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Шетелде қазірдің өзінде сегіз миллионға жуық украиналық жүр, деп мәлімдеді Украина СІМ басшысы Андрей Сибига.
Ол Киевтің бұл адамдарды қайтаруды мақсат етіп отырғанын, ол үшін қажетті жағдайлар жасалатынын атап өтті.
"Біз барлық ел бірдей украиналықтарды қайтаруға мүдделі емес екенін көріп отырмыз, өйткені олардың біліктілігі жоғары, жаңа ортаға тез бейімделеді, экономиканы дамытуға үлес қосып отыр. Біз өз адамдарымыз үшін күресуіміз қажет", - деп "Страна.ua" басылымы оның сөзінен келтірді.
Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен ЕО елдеріне еуропада ресурс шектеулі екенін, сондай-ақ Украинаның өзіне адам ресурсы қажеттілігін ескере отырып, Украина босқындарының болашағы туралы ойлануды ұсынған болатын.
Флаг Евросоюза - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Нидерланд премьері: Еуропаға соғыста шыңдалған Украина қажет
Жаңалықтар
0