Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

© Photo : Агентство РК по атомной энергииАтом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі басшыларының кездесуі
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі басшыларының кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, кадрлық әлеуетті дамытуға, сондай-ақ атом электр станциясын салу жобасын іске асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын бейімдеу және үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Ресей 2026–2030 жылдарға арналған ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастық қол қойды, деп хабарлады атом энергиясы жөніндегі агенттік.
Құжатқа Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол қойылды. Жол картасы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану кезінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру мақсатында әзірленген.
© Photo : Агентство РК по атомной энергииАлексей Лихачев пен Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы бойынша келісімге қол қойылғаннан кейін құжат алмасты
Алексей Лихачев и Алмасадам Саткалиев после подписания соглашений по АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Алексей Лихачев пен Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы бойынша келісімге қол қойылғаннан кейін құжат алмасты
"Жоспар лицензиялау, бақылау-қадағалау қызметі, сараптамалық консультациялар, семинарлар, тағылымдамалар және ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу мәселелері бойынша кәсіби өзара іс-қимылдың өзге де нысандары салаларында тәжірибе алмасуды қоса алғанда, бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді", - деп жазылған хабарламада.
Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, кадрлық әлеуетті дамытуға, сондай-ақ атом электр станциясын салу жобасын іске асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын бейімдеу және үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
© Photo : Агентство РК по атомной энергииАтом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі басшыларының кездесуі
Встреча глав Агентства РК по атомной энергии и Федеральной службы по экологическому, технологическому и атомному надзору РФ Алмасадама Саткалиева и Александра Трембицкого  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі басшыларының кездесуі
Жоспарды іске асыру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеудің ұлттық жүйесін дамытуға, халықаралық тәжірибе мен үздік практикаларды енгізуге, сондай-ақ бейбіт мақсатта атом энергиясын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тиімді реттеушілік инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал етеді, дейді министрлікте.
Қазақстан мен Ресей жүргізушісіз жүк тасымалдау жобасын іске қосты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Қазақстан мен Ресей жүргізушісіз жүк тасымалдау жобасын іске қосты
Жаңалықтар
0