Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин: Ресей Украина бойынша келіссөзден ешқашан бас тартқан емес

© POOL / Медиабанкке өтуV Евразийский экономический форум в Астане
V Евразийский экономический форум в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Путин Украинадағы қақтығыстың нақты қашан аяқталатынын айту мүмкін емес екенін атап өтті
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Украина бойынша келіссөзді жалғастыруға дайын екенін және ешқашан келіссөзден бас тартпағанын мәлімдеді.
"Белгілі бір байланыс бар, оны жасырмаймын. Бірақ нақты келіссөз жоқ. Соған қарамастан, біз бұған дайынбыз, біз ешқашан келіссөзден бас тартқан емеспіз", – деді Ресей басшысы Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар Путин Украинадағы қақтығыстың нақты қашан аяқталатынын айту мүмкін емес екенін атап өтті.
"Мерзімге келсек, менің жауабымды сіз де, басқа әріптестер де түсінеді деп ойлаймын: әскери қимыл жүріп жатқан жағдайда нақты мерзімді атау мүмкін емес. Бұл орынсыз, мұндай жағдайда ешкім нақты мерзімді айтпайды. Мен де олай жасамаймын", – деді Путин.
Заседание Высшего Евразийского экономического совета в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Ресей президенті Қазақстанға мемлекеттік сапарының нәтижесіне көңілі толатынын айтты
Жаңалықтар
0