Путин Қазақстанда салынатын АЭС жайлы пікір білдірді

© Sputnik/Ертай СарбасовПервая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ
Первая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Оның айтуынша бұл екі ел үшін де тиімді
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы АЭС-ті Ресей кредиті есебінен салудың екі елге де тиімді екенін айтты.
Оның айтуынша, мұндай нысандарды қаржыландыру шарттары әлемнің басқа өңірлеріндегі келісімдерден еш айырмашылығы жоқ және бұл – халықаралық стандартты тәжірибе.

"Әрине, бұл біз үшін тиімді. Бұл ақшаны тегін беріп отырған жоқпыз, кредит ретінде ұсынамыз, қаражат кейін Ресей қазынасына қайтарылады", – деді Путин Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Ресей өз зауыттарын тапсырыспен қамтамасыз етеді. Кейін нысанға қызмет көрсету, қосалқы бөлшектер мен ядролық отын жеткізу жұмыстарына да қатысады.
Путиннің айтуынша, бұл Ресей үшін екі ел арасындағы шикізат жеткізу саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық тұрғысынан да тиімді. Ал Қазақстан шикізат жеткізуші ғана емес, жоғары технологияларға қол жеткізетін елге айналады.
"Біз кредит қаражатына жай ғана бір нысан салып жатқан жоқпыз, тұтас бір саланы қалыптастырып жатырмыз", – деді Владимир Путин.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Қазақстан мен Ресей елдегі алғашқы АЭС құрылысы туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
0