Атырау облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Бір жолаушы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді
АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. Атырау облысы Индер ауданында жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 29 мамыр сағат 06:30 шамасында Индер–Қарабау тас жолының 15-шақырымында болған.
"Hyundai Sonata маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылған. Жол апаты салдарынан 42 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - дейді полиция.
Бір жолаушы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Предупреждающий знак на дороге. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2026
Бейнекамералардың арқасында жол апаты 20%-ға азайды
Жаңалықтар
0