https://sputnik.kz/20260528/toqaev-pen-putin-dostyq-pen-tatu-korshiliktin-zheti-negizi-turaly-malimdemege-qol-qoydy-63773230.html
Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдемеге қол қойды
Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдемеге қол қойды
Sputnik Қазақстан
Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T14:21+0500
2026-05-28T14:21+0500
2026-05-28T14:24+0500
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1c/63772794_97:73:1201:694_1920x0_80_0_0_9f96579e333afe420897df9dd034da3c.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды."Елдеріміздің арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Тек оң динамика байқалады. Осы қарқынды сақтап, жаңа жобалар мен бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамыта береміз. Бұл орайда бүгін қабылданатын "Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы" бірлескен мәлімдеменің маңызын ерекше атап өткім келеді. Аталған құжат қарым-қатынасымыздың сипатын танытады және оны ұзақмерзімді негізде тереңдетуге бейіл екенімізді көрсетеді," – деді Тоқаев. Путин тең құқылы және өзара құрметке негізделген Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді."Былтыр Мәскеуге мемлекеттік сапарыңыз барысында жасаған бірлескен мәлімдемеде байланыстарымыз жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілгенін атап өттік. Бұл шын мәнінде солай. Біз барлық бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ресей және Қазақстан халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі жайында маңызды бірлескен мәлімдеме қабылдаймыз. Сонымен қатар көптеген үкіметаралық, ведомствоаралық және коммерциялық келісімдер дайындалды. Бұл құжаттар экономика мен энергетикадан бастап, мәдени-гуманитарлық қатынастарға дейінгі ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды", - деді ол.
https://sputnik.kz/20260528/bizdin-elderimiz-alyp-euraziya-kenistiginin-ozegi-sanalady---toqaev-63765981.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1c/63772794_211:37:1087:694_1920x0_80_0_0_18638345890c3f4660d3bac2d8653048.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдемеге қол қойды
14:21 28.05.2026 (жаңартылды: 14:24 28.05.2026) Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
"Елдеріміздің арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Тек оң динамика байқалады. Осы қарқынды сақтап, жаңа жобалар мен бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамыта береміз. Бұл орайда бүгін қабылданатын "Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы" бірлескен мәлімдеменің маңызын ерекше атап өткім келеді. Аталған құжат қарым-қатынасымыздың сипатын танытады және оны ұзақмерзімді негізде тереңдетуге бейіл екенімізді көрсетеді," – деді Тоқаев.
Путин тең құқылы және өзара құрметке негізделген Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.
"Былтыр Мәскеуге мемлекеттік сапарыңыз барысында жасаған бірлескен мәлімдемеде байланыстарымыз жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілгенін атап өттік. Бұл шын мәнінде солай. Біз барлық бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ресей және Қазақстан халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі жайында маңызды бірлескен мәлімдеме қабылдаймыз. Сонымен қатар көптеген үкіметаралық, ведомствоаралық және коммерциялық келісімдер дайындалды. Бұл құжаттар экономика мен энергетикадан бастап, мәдени-гуманитарлық қатынастарға дейінгі ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды", - деді ол.