Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 млрд доллардан асты - президент

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Жазылу
Бүгінде инвестицияның жалпы көлемі 53 миллиард доллар болатын 177 бірлескен жобаның пулы жасақталды
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Ресей президентінің Қазақстанға жасаған сапары жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қарым-қатынастардың ерекше сипатын көрсететінін айтты.

"Қазақстан үшін ең әуелі Ресеймен жақын әрі достық байланыстар айрықша маңызды десек, артық болмайды. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық барлық салада сенімді түрде дамып келеді әрі оны мемлекетаралық байланыстардың нағыз үлгісі деп атауға болады", - деді Тоқаев.

Президент шағын құрамда нәтижелі келіссөз жүргізілгенін және елдер арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ, тек оң динамика байқалатынын айтты.
"Осы қарқынды сақтап, жаңа жобалар мен бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамыта береміз. Бұл орайда бүгін қабылданатын "Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы" бірлескен мәлімдеменің маңызын ерекше атап өткім келеді. Аталған құжат қарым-қатынасымыздың сипатын танытады және оны ұзақмерзімді негізде тереңдетуге бейіл екенімізді көрсетеді", – деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдегі күрделі ахуалға қарамастан, екіжақты ықпалдастық, әсіресе, экономика саласында табысты өрбіп келеді. Өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізу дәстүрге айналды.
"Ресей Қазақстан экономикасына қаржы құйған елдердің арасындағы ең ірі инвестор саналады. Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 миллиард доллардан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, екі ел президенттерінің әкімшіліктері мен үкіметтерінің бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі. Осы қарқынды ары қарай жалғастыруға уағдаластық. Бүгінде инвестицияның жалпы көлемі 53 миллиард доллар болатын 177 бірлескен жобаның пулы жасақталды, оның ішінде 122-сі іске асырылды, яғни, операциялық кезеңге өтті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
"Одан әрі өркендеу үшін баршамызға бейбітшілік қажет": Тоқаев пен Путин келіссөз жүргізді
Жаңалықтар
0