Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қандай құжаттарға қол қойылды

© Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Бұған дейін Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен мәлімдеме қабылдағаны хабарланған болатын
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында тараптар бірқатар құжатқа қол қойды.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:
1.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында атом электр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісім;2.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында атом электр станциясын салуды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік экспорттық несие беру туралы келісім;3.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында "Қазақстан – Сириус" халықаралық білім беру мектебін және дарынды балалар мен жастарға арналған "Қазақстан – Сириус" орталығын құру және оның қызметі туралы келісім;4.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы мұнай саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім;5.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Омбы қаласындағы филиалында Ресей Федерациясының азаматтарын оқытуға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру туралы келісім;6.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Ресей Федерациясы Қаржы мониторингі федералды қызметі арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласы бойынша ықпалдастық туралы Келісімге қосымша келісім;7.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы қазақстандық теңге/ресейлік рубль валюталық своп туралы екіжақты келісім;8.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;9.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Көлік министрліктері арасындағы көліктегі цифрландыруды дамыту саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары;10.
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Ресей Федерациясы Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау федералды қызметі арасында Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;11.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресей Федерациясы Тұтынушылардың құқықтарын және адамның әл-ауқатын қорғау саласындағы федералдық қадағалау қызметі арасындағы ынтымақтастық бойынша нақты іс-шаралар жоспары;12.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Ресей темір жолы" АҚ темір жолмен жүк тасымалын цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары.Сондай-ақ сапар барысында келесі құжаттарға қол қойылды:
1.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" ШЖҚ РМК мен "TATMEDIA" АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;2.
"Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен "Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы" Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.