https://sputnik.kz/20260528/olimpiada-chempiony-mikhail-shaydorovqa-zhalaqy-tolene-me-63756326.html
Михаил Шайдоров жалақысы төленбей жатқанын мәлімдеді - министрлік не дейді
Михаил Шайдоров жалақысы төленбей жатқанын мәлімдеді - министрлік не дейді
Sputnik Қазақстан
Спортшының алтын медаль алғаны ескеріліп, наурыз айынан бастап жаңа келісімшарт жасау жоспарланды, дейді министрліктегілер 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T10:59+0500
2026-05-28T10:59+0500
2026-05-28T12:00+0500
олимпиада чемпионы
қысқы олимпиада
жалақы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1c/61496654_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_97287dfecd25c4cd24d36d244876ee48.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Миланда өткен қысқы ойындарда алтын медаль жеңіп алғаннан бері жалақы алмағанын мәлім етті. Мәнерлеп сырғанаушы сұхбаттарының бірінде жаңа маусымға дайындықты бастау қажет екенін, бірақ не істерін білмей жүргенін айтты. Шайдоровтың сөзінше, Олимпиададан кейін оның жалақысы жұртқа жария етілген соң ол Туризм және спорт министрлігін сынаған. Қазіргі жағдай осымен байланысты болуы мүмкін. "Мүмкін осылай мені жазалағысы келген шығар. Жеңіске жеткеннен бері еңбекақы алмадым. Келесі маусымға дайындалуым керек, бірақ қалай дайындаларымды білмеймін. Қойылым бағдарламасының күндері жоспарланып қойды, соны төлей ме деп бірнеше рет сұрадық. Әркім әртүрлі жауап береді. Ал 1 ақпаннан бастап дәрігер қызметін алып тастады", - дейді чемпион.Туризм және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясы осы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, Шайдоровқа биылғы жылдың қаңтар және ақпандағы жалақысы бұрын жасалған келісімшарт негізінде толық төленген.Мұндай тәжірибе жаңа олимпиадалық циклге дайындық жүйесіне кіретін барлық спортшыға қолданылады және ұзақ мерзімді мемлекеттік қаржыландырудың қалыпты тәртібі саналады, дейді олар."Сонымен қатар мемлекет спортшыны олимпиадалық жетістігі үшін ынталандыруға қатысты өз міндеттемелерін толық орындайды. Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алғаны үшін Михаил Шайдоровқа 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы төлеу, Алматы қаласынан үш бөлмелі пәтер беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өмір бойғы ай сайынғы мемлекеттік төлем тағайындау қарастырылған", - дейді дирекциядағылар.
https://sputnik.kz/20260228/almaty-akimi-mikhail-shaydorovqa-3-bolmeli-pater-men-avtokolik-kiltin-tabystady-61520459.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/1c/61496654_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5c62b8783c16c319cb323da47fcefbee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада чемпионы, қысқы олимпиада, жалақы
олимпиада чемпионы, қысқы олимпиада, жалақы
Михаил Шайдоров жалақысы төленбей жатқанын мәлімдеді - министрлік не дейді
10:59 28.05.2026 (жаңартылды: 12:00 28.05.2026) Спортшының алтын медаль алғаны ескеріліп, наурыз айынан бастап жаңа келісімшарт жасау жоспарланды, дейді министрліктегілер
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Миланда өткен қысқы ойындарда алтын медаль жеңіп алғаннан бері жалақы алмағанын мәлім етті.
Мәнерлеп сырғанаушы
сұхбаттарының бірінде жаңа маусымға дайындықты бастау қажет екенін, бірақ не істерін білмей жүргенін айтты. Шайдоровтың сөзінше, Олимпиададан кейін оның жалақысы жұртқа жария етілген соң ол Туризм және спорт министрлігін сынаған. Қазіргі жағдай осымен байланысты болуы мүмкін.
"Мүмкін осылай мені жазалағысы келген шығар. Жеңіске жеткеннен бері еңбекақы алмадым. Келесі маусымға дайындалуым керек, бірақ қалай дайындаларымды білмеймін. Қойылым бағдарламасының күндері жоспарланып қойды, соны төлей ме деп бірнеше рет сұрадық. Әркім әртүрлі жауап береді. Ал 1 ақпаннан бастап дәрігер қызметін алып тастады", - дейді чемпион.
Туризм және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясы осы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, Шайдоровқа биылғы жылдың қаңтар және ақпандағы жалақысы бұрын жасалған келісімшарт негізінде толық төленген.
"2026 жылдың наурыз айынан бастап спортшының Миланда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алғаны ескеріліп, жаңа келісімшарт жасау жоспарланған болатын. Жаңа келісімшартта келесі олимпиадалық цикл аясындағы дайындық пен қаржыландырудың жаңартылған шарттары қарастырылған. Қазіргі уақытта келісімшарт талаптары тараптар арасында талқыланып жатыр", - дейді Спортты дамыту дирекциясы.
Мұндай тәжірибе жаңа олимпиадалық циклге дайындық жүйесіне кіретін барлық спортшыға қолданылады және ұзақ мерзімді мемлекеттік қаржыландырудың қалыпты тәртібі саналады, дейді олар.
"Сонымен қатар мемлекет спортшыны олимпиадалық жетістігі үшін ынталандыруға қатысты өз міндеттемелерін толық орындайды. Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алғаны үшін Михаил Шайдоровқа 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы төлеу, Алматы қаласынан үш бөлмелі пәтер беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өмір бойғы ай сайынғы мемлекеттік төлем тағайындау қарастырылған", - дейді дирекциядағылар.