Белгісіз сұйықтық ішіп қойған: Ақтөбе облысында оқушы ауруханаға түсті

© Photo : Sergek GroupМобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Жазылу
7 жастағы бала жертөледегі белгісіз сұйықтықты ішіп қойған
АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Ақтөбе облысы Қобда ауданында оқушы белгісіз сұйықтық ішіп қойып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 15 мамыр күні мектептердің бірінде болған. 2019 жылы туған бала мектеп жертөлесіне түсіп, бензин иісі бар сұйықтықты ішіп қойған.
"Балаға медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. Облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап, дәрігерлер бақылауында болғаннан кейін жағдайы тұрақталды. Қазіргі уақытта өміріне қауіп жоқ, қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды", - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Сондай-ақ аудандық білім бөлімі тарапынан зерделеу жүргізіліп, мектеп директоры, шаруашылық жөніндегі директор орынбасары және педагог-ассистент тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алайда ата-ананың наразылығы тоқтамауына байланысты басқарма тарапынан қосымша комиссия құрылды.
Пеш - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2026
Қосшыда бір отбасы ысқа уланып қалды: үшеуі бала
Жаңалықтар
0