Атыраулықтар темекіні дәруменге айырбастады – видео

CC0 / / Виноград
Виноград - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Жазылу
30-ға жуық қала тұрғыны темекіден бас тартып, зиянды әдеттен арылуға ниет білдірді
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Атырауда тұрғындар темекіні дәруменге айырбастады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, "Темекіні дәруменге айырбаста" атты акция ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартуға шақыру.
"Шара барысында қатысушыларға темекіні дәрумендерге айырбастау ұсынылып, денсаулыққа пайдалы өнімдер таратылды", - деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде 30-ға жуық қала тұрғыны темекіден бас тартып, зиянды әдеттен арылуға ниет білдірді.
Жаңалықтар
0