Астанадағы V Еуразиялық экономикалық форум: 44 елден 3 мыңға жуық адам қатысады

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Жазылу
Бүгін елордадағы форумда үш мыңнан астам адам қатысатын 30 іс-шара өтеді
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Бүгін , 28 мамырда Астанада V Еуразиялық экономикалық форум басталады.
Негізгі тақырыбы - "ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектке баса назар аудару". Іс-шараға АҚШ-ты қоса алғанда, 44 елден шамамен 3000 адам қатысады.
Күн тәртібінде жаһандық цифрландыру мәселелері қарастырылады.
Форумда төрт тақырыптық блокқа топтастырылған барлығы 30 іс-шара жоспарланған:
ЕАЭО нарығын дамыту трансформациясы;
Еуразиялық байланыс;
ЕАЭО+;
Форум аясындағы іс-шаралар.
"ЕАЭО мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары қатысуымен өтетін пленарлық отырыс негізгі іс-шара болады", - деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 14 келісімге, меморандумға және ынтымақтастық бағдарламаларына қол қою жоспарланып отыр. Іскерлік бағдарламадан басқа, қатысушылар практикалық бизнес мәселелеріне арналған көрме жәрмеңкесін тамашалайды.
Еуразиялық экономикалық форум жыл сайын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әртүрлі елдердің төрағалығымен өткізіледі. Форумға мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің бизнес көшбасшылары, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады.
2026 жылы іс-шараға Қазақстан төрағалық етеді. Биылғы форум 29 мамырда аяқталады.
Министр по интеграции и макроэкономике ЕЭК Данияр Иманалиев и посол Узбекистана в России Ботиржон Асадов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
ЕАЭО мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 18 млрд доллардан асты
Жаңалықтар
0