Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталды

© Sputnik / Абзал КалиевВиды Нур-Султана, проспект Тауелсиздик
Виды Нур-Султана, проспект Тауелсиздик - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Жазылу
Тоқаев форумға қатысу үшін елордаға келген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына және делегация жетекшілеріне ілтипат білдірді
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Астанада V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылғы форумның негізгі тақырыбы: "Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру".
Бүгін таң атқаннан бері Конгресс-орталық пен "Hilton" қонақ үйінде панельдік сессиялар өтті. Онда бизнес идеялар, цифрлық таңбалау, озық технологиялар, жасанды интеллектіні пайдалану, өнеркәсіптік кооперация, сауда, логистика, еңбек ресурстары нарығын дамыту, энергетикалық интеграция және тағы басқа маңызды мәселелер талқыланды.
Ал кешкі сағат 19:30-да форумның пленарлық отырысы басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысу үшін елордаға келген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына және делегация жетекшілеріне ілтипат білдірді.
Мәртебелі меймандар қатарында Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения вице-премьері Мгер Григорян, Куба Республикасының вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Вьетнам премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг, Моңғолия премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаяр, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев және тағы да басқа лауазымды ресми тұлғалар бар.
Айта кетері, ертең, 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылады. Оны да одаққа мүше мемлекеттердің басшылары өткізеді. Кеңес интеграцияның басым бағыттарын айқындайды.
Жаңалықтар
0