https://sputnik.kz/20260528/aqmola-oblysynda-14-zhastagy-bala-kokpar-tartyp-zhurip-koz-zhumdy-63780376.html
Ақмола облысында 14 жастағы бала көкпар тартып жүріп көз жұмды
Ақмола облысында 14 жастағы бала көкпар тартып жүріп көз жұмды
Sputnik Қазақстан
2012 жылғы жасөспірім жаттығу кезінде аттан құлап кеткен 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T19:31+0500
2026-05-28T19:31+0500
2026-05-28T19:31+0500
көкпар
қаза
қайғылы оқиға
https://sputnik.kz/img/305/69/3056940_0:50:4289:2462_1920x0_80_0_0_b3503a120b20ee8adf193fa1e11cc943.jpg
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ақмола облысындағы Целиноград ауданында 14 жастағы бала көкпар тартып жүріп көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Қайғылы оқиға 26 мамырда болған. 2012 жылғы жасөспірім аттан құлап кеткен.Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.Целиноград аудандық әкімдігі Sputnik Қазақстанға оқиғаның 26 мамырда Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округінің маңында болғанын айтты.Алдын ала ақпарат бойынша, ойынға ересек азаматтар қатысқан. Кәмелетке толмаған қатысушы бұл жерге туыстарымен бірге келген. Ол ойынға қатысушылардың бірінің орнына алынған.Сондай-ақ елді мекенде аудандық немесе облыстық мекемелердің балансында тұрған көкпар бойынша мемлекеттік спорт секциялары жоқ.
https://sputnik.kz/20240328/almaty-oblysynda-zholda-kokpar-tartqandarga-sot-ukimi-shyqty-43266430.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/305/69/3056940_23:0:3820:2848_1920x0_80_0_0_b629ab710e4b5b7d87dd166889426707.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкпар, қаза, қайғылы оқиға
көкпар, қаза, қайғылы оқиға
Ақмола облысында 14 жастағы бала көкпар тартып жүріп көз жұмды
2012 жылғы жасөспірім жаттығу кезінде аттан құлап кеткен
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ақмола облысындағы Целиноград ауданында 14 жастағы бала көкпар тартып жүріп көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 26 мамырда болған. 2012 жылғы жасөспірім аттан құлап кеткен.
"Тергеу барысында ұйымдастырушылардың және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың іс-әрекеті тексеріледі", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Целиноград аудандық әкімдігі
Sputnik Қазақстанға оқиғаның 26 мамырда Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округінің маңында болғанын айтты.
"Ойын азаматтардың жеке бастамасы бойынша өткізілді және ресми спорттық немесе бұқаралық іс-шара болған жоқ. Аудан әкімдігі оны өткізу туралы хабарламады, жергілікті атқарушы органның атына келісім алуға өтініш түскен жоқ", - дейді әкімдік.
Алдын ала ақпарат бойынша, ойынға ересек азаматтар қатысқан. Кәмелетке толмаған қатысушы бұл жерге туыстарымен бірге келген. Ол ойынға қатысушылардың бірінің орнына алынған.
Сондай-ақ елді мекенде аудандық немесе облыстық мекемелердің балансында тұрған көкпар бойынша мемлекеттік спорт секциялары жоқ.