https://sputnik.kz/20260527/qazaqstandyq-tasymaldaushylarga-resey-shekarasynda-qr-kod-talap-etiledi-63735239.html
Қазақстандық тасымалдаушылардан Ресей шекарасында QR-код талап етіледі
Қазақстандық тасымалдаушылардан Ресей шекарасында QR-код талап етіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі. 27.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-27T13:00+0500
2026-05-27T13:00+0500
2026-05-27T14:52+0500
ресей
қазақстан
https://sputnik.kz/img/old/1044/57/10445702_0:90:3320:1958_1920x0_80_0_0_cddfc8a11ad7032d6dd30217a6b385e4.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі.Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.Тауарларды автомобиль көлігімен жеткізу кезінде алушыға Ресей Федерациясында алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын-ала рәсімдеп, QR-кодын алу қажет.Осыған байланысты келесі шаралар ұсынылады:
https://sputnik.kz/20251021/navigatsiyalyq-plombalardy-engizuge-baylanysty-tasymal-qymbattamaydy--eek-58078313.html
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1044/57/10445702_295:0:3026:2048_1920x0_80_0_0_6955d59d01951304d9b7c00720afbb5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қазақстан
Қазақстандық тасымалдаушылардан Ресей шекарасында QR-код талап етіледі
13:00 27.05.2026 (жаңартылды: 14:52 27.05.2026) АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Тауарларды автомобиль көлігімен жеткізу кезінде алушыға Ресей Федерациясында алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын-ала рәсімдеп, QR-кодын алу қажет.
"QR-код жүргізушіде болуы қажет және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетілуі тиіс. Расталған QR кодының болмауы Ресей Федерациясына кіруге тыйым салу және көлік құралын қайтаруды көздейді", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты келесі шаралар ұсынылады:
ТКРЖ шеңберінде ресімделген QR-кодтың болуын ресейлік алушыдан алдын ала нақтылау;
өткізу пунктіне келгенге дейін QR-кодын тексеру;
басып шығарылған немесе электронды түрде QR-коды болуы керек;
QR-кодтағы мәліметтерді тауарға ілеспе құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, алушы) салыстырып тексеру;
құжаттарды дұрыс ресімдемеген кезде шекарадан өту уақытының ұлғаюын ескеру қажет.