https://sputnik.kz/20260526/zhambyl-oblysynda-kukirt-qyshqyly-zauyty-iske-qosyldy-63723338.html
Жамбыл облысында күкірт қышқылы зауыты іске қосылды
Жамбыл облысында күкірт қышқылы зауыты іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Зауыттың ашылуы нәтижесінде 330 жаңа жұмыс орны ашылады 26.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-26T19:50+0500
2026-05-26T19:50+0500
2026-05-26T19:50+0500
жамбыл облысы
зауыт
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1a/63721820_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_425b4098e8efcaa42a5abb3b492fbb25.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында күкірт қышқылы зауыты іске қосылды, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге жетеді. Бұл өнім ауыл шаруашылығы, энергетика, металлургия, машина жасау және басқа да салаларда кеңінен қолданылады."ЕуроХим" халықаралық компаниясының бұл жобаға салған инвестициясының жалпы көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрайды.Химия кешені жобасының үшінші кезеңі аясында бүгінде тиісті жұмыстардың 70 пайыздан астамы орындалған. Жобаны толық қуатқа шығару келесі жылдың басына жоспарланып отыр. Барлық өндірістік желі іске қосылғаннан кейін химия өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін береді, сондай-ақ 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады."ЕуроХим" (EuroChem Group AG) – негізгі өндірістік активтері Ресей, Бельгия, Литва және Қытайда орналасқан халықаралық химия компаниясы. Компания минералды тыңайтқыш өндіру саласында әлемдегі алғашқы бестіктің қатарына кіреді.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1a/63721820_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_22f83a624db825a8ced3e7785e3bbbaf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, зауыт
Жамбыл облысында күкірт қышқылы зауыты іске қосылды
Зауыттың ашылуы нәтижесінде 330 жаңа жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында күкірт қышқылы зауыты іске қосылды, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге жетеді. Бұл өнім ауыл шаруашылығы, энергетика, металлургия, машина жасау және басқа да салаларда кеңінен қолданылады.
"Зауыттың ашылуы нәтижесінде 330 жаңа жұмыс орны ашылады. Аталған өндіріс орны жылына 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіптік өнім шығаруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық химия кластерін құруға бағытталған ауқымды индустриялық жобаның бір бөлігі саналады", - деп жазылған хабарламада.
"ЕуроХим" халықаралық компаниясының бұл жобаға салған инвестициясының жалпы көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрайды.
Химия кешені жобасының үшінші кезеңі аясында бүгінде тиісті жұмыстардың 70 пайыздан астамы орындалған. Жобаны толық қуатқа шығару келесі жылдың басына жоспарланып отыр. Барлық өндірістік желі іске қосылғаннан кейін химия өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін береді, сондай-ақ 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады.
"ЕуроХим" (EuroChem Group AG) – негізгі өндірістік активтері Ресей, Бельгия, Литва және Қытайда орналасқан халықаралық химия компаниясы. Компания минералды тыңайтқыш өндіру саласында әлемдегі алғашқы бестіктің қатарына кіреді.