https://sputnik.kz/20260526/ubt-bir-ret-qana-tapsyrylady-ministr-negizgi-sebebin-tusindirdi-63722423.html
ҰБТ бір рет қана тапсырылады: министр негізгі себебін түсіндірді
ҰБТ бір рет қана тапсырылады: министр негізгі себебін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
ҰБТ-ның бірінші және екінші тапсыру нәтижелерінің айырмашылығы үлкен емес 26.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-26T18:47+0500
2026-05-26T18:47+0500
2026-05-26T18:47+0500
саясат нұрбек
ұбт
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1f/62293276_0:55:1280:775_1920x0_80_0_0_27dbf7fbf8584934652c51d01d17c568.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келесі жылдан бастап грантқа түсу үшін неліктен ҰБТ-ны бір-ақ рет тапсыру мүмкіндігі берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі таңда мектеп түлектері негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижені грантқа өтініш беру кезінде пайдалана алады. Алайда келесі жылдан бастап мұндай мүмкіндік болмайды.Министрдің айтуынша, бұл шешімнің бірнеше себебі бар.Сонымен бірге министр негізгі ҰБТ бір рет тапсырылса да, байқау сынағын бірнеше рет тапсыруға болатынын атап өтті. Бұл түлектерге өз білімін тексеруге және психологиялық тұрғыда дайындалуға мүмкіндік береді.Айта кетейік, бүгін министр келесі жылдан бастап "өсетін баланы" анықтайтын тест енгізілетінін де айтқан болатын.
https://sputnik.kz/20260526/qazaqstanda-zhana-test-osetin-balany-anyqtaydy-63721243.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1f/62293276_87:0:1194:830_1920x0_80_0_0_a3e8be205c43f94e4dedba6931546798.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саясат нұрбек, ұбт
ҰБТ бір рет қана тапсырылады: министр негізгі себебін түсіндірді
ҰБТ-ның бірінші және екінші тапсыру нәтижелерінің айырмашылығы үлкен емес
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келесі жылдан бастап грантқа түсу үшін неліктен ҰБТ-ны бір-ақ рет тапсыру мүмкіндігі берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі таңда мектеп түлектері негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижені грантқа өтініш беру кезінде пайдалана алады. Алайда келесі жылдан бастап мұндай мүмкіндік болмайды.
Министрдің айтуынша, бұл шешімнің бірнеше себебі бар.
"Біріншіден, алдағы уақытта мектеп түлектерінің саны артады. Мысалы, биыл шамамен 215 мың түлек мектеп бітіріп отыр. Ал бірнеше жылдан кейін бұл көрсеткіш жарты миллионға дейін жетеді. Сол кезде ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге кететін уақыт айтарлықтай көбейеді. Екіншіден, қазіргі талдау нәтижесі бойынша ҰБТ-ның бірінші және екінші тапсыру нәтижелерінің айырмашылығы үлкен емес. Соңғы үш жылда екі мүмкіндік арасындағы айырмашылық айтарлықтай байқалмайды", - деді Нұрбек үкіметтегі брифингте.
Сонымен бірге министр негізгі ҰБТ бір рет тапсырылса да, байқау сынағын бірнеше рет тапсыруға болатынын атап өтті. Бұл түлектерге өз білімін тексеруге және психологиялық тұрғыда дайындалуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгін министр келесі жылдан бастап
"өсетін баланы" анықтайтын тест енгізілетінін де айтқан болатын.