https://sputnik.kz/20260526/telefon-urlygymen-aynalysqan-12-qylmystyq-toptyn-zholy-kesildi-63710199.html
Телефон ұрлығымен айналысқан: 12 қылмыстық топтың жолы кесілді
Телефон ұрлығымен айналысқан: 12 қылмыстық топтың жолы кесілді
Sputnik Қазақстан
Ішкі істер министрлігі ұрланған телефондарды сатып алғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертті 26.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-26T08:47+0500
2026-05-26T08:47+0500
2026-05-26T08:47+0500
телефон
полиция
ұрлық
https://sputnik.kz/img/1260/15/12601580_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_96d609a7ab2d3843ebf13e5dd09b85f4.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығының саны азайып келеді, деп хабарлайды Polisia.kz. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40%-ға төмендеген.Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолы кесілді.Сонымен қатар тәртіп сақшылары ұрланған техниканы өткізетін орындарға ерекше назар аударып отыр. Мысалы, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталып, одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленген.ІІМ ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырды.
https://sputnik.kz/20260108/almaty-turgyny-meshitterde-urlyq-zhasagan-60242052.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/15/12601580_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_48f41132fa276df628ab6b937d1dafcf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
телефон, полиция, ұрлық
Телефон ұрлығымен айналысқан: 12 қылмыстық топтың жолы кесілді
Ішкі істер министрлігі ұрланған телефондарды сатып алғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертті
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығының саны азайып келеді, деп хабарлайды
Polisia.kz.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40%-ға төмендеген.
"Полицейлер осындай 900-ден астам қылмысты ашты. Ұрланған телефондар иелеріне қайтарылды. 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолы кесілді.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары ұрланған техниканы өткізетін орындарға ерекше назар аударып отыр. Мысалы, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталып, одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленген.
ІІМ ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырды.