Қарашығанақ кен орнында жаңа бұрғылау қондырғысы іске қосылды

© Photo : Пресс-служба комитета промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики КазахстанНа Карачаганакском месторождении запустили новую буровую установку
На Карачаганакском месторождении запустили новую буровую установку - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2026
Жазылу
Жоба өңірдің мұнай-газ саласын дамытуға, өндірістік әлеуетті арттыруға бағытталған
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қарашығанақ кен орнындағы №9899 ұңғымада жаңа №249 бұрғылау қондырғысы іске қосылды, Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.
Аталған жоба өңірдің мұнай-газ саласын дамытуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және қауіпсіз әрі тиімді технологияларды енгізуге бағытталған.
"Бұрғылау қондырғысын іске қосу барысында өндірістік қауіпсіздік талаптары мен техникалық регламенттердің сақталуына ерекше назар аударылды. Жаңа бұрғылау қондырғысы заманауи технологиялармен жабдықталған және жоғары өнімділік көрсеткіштеріне ие", - деп жазылған хабарламада.
Қондырғыда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған бақылау жүйелері қарастырылған.
Қарашығанақ кен орны еліміздің стратегиялық маңызы бар ірі мұнай-газ жобаларының бірі ретінде энергетика саласының тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Мұнай бағасының көтерілгеніне қатты қуанудың қажеті жоқ - сарапшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2026
Мұнай бағасының көтерілгеніне қатты қуанудың қажеті жоқ - сарапшы
Жаңалықтар
0