https://sputnik.kz/20260526/oqushylardyn-kanikul-kezindegi-negizgi-tabys-kozderi-zhariyalandy-63714135.html
Оқушылардың каникул кезіндегі негізгі табыс көздері жарияланды
Оқушылардың каникул кезіндегі негізгі табыс көздері жарияланды
Sputnik Қазақстан
Оқушылар арасындағы ең жоғары жұмыспен қамтылу мегаполистерде байқалады 26.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-26T13:18+0500
2026-05-26T13:18+0500
2026-05-26T13:19+0500
оқушы
үкімет
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577782_0:207:2909:1843_1920x0_80_0_0_6bc5f3f80092a0adfc6cc958cc9e71a0.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев оқушылардың каникул кезіндегі негізгі табыс көздері жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстан заңнамасы бойынша 14 пен 18 жас аралығындағы балаларға еңбек етуге рұқсат бар. Бүгінде осы санаттағы балалардың жалпы саны 1 млн 700 мың адамды құрайды. Ал министрліктің ақпараттық жүйелеріне түскен деректер бойынша бүгінгі күні ресми түрде 5 мың 300 оқушы жұмыспен қамтылған.Қазіргі еңбек жасындағы балалардың басым бөлігі оңтүстік аймақтарда – Түркістан (236,6 мың), Алматы (143,5 мың), Жамбыл (120 мың) облыстарында тұрады. Сондай-ақ, Алматы (161,8 мың), Астана (107 мың) мен Шымкент (112 мың) қалаларында көп тіркелген."Оқушылар арасындағы ең жоғары жұмыспен қамтылу мегаполистерде байқалады. Ол республика бойынша жұмыс жасайтын балалардың 59%-ды құрайды. Себебі ірі сауда, ойын-сауық орталықтарының дені мегополистерде орналасқан", - деді министр.
https://sputnik.kz/20260526/granttar-qay-mamandyqtarga-kop-bolinedi-63713494.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577782_89:0:2820:2048_1920x0_80_0_0_7f6a67565f740b22ec257e056a8545a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, үкімет, жұмыс
Оқушылардың каникул кезіндегі негізгі табыс көздері жарияланды
13:18 26.05.2026 (жаңартылды: 13:19 26.05.2026) Оқушылар арасындағы ең жоғары жұмыспен қамтылу мегаполистерде байқалады
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев оқушылардың каникул кезіндегі негізгі табыс көздері жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан заңнамасы бойынша 14 пен 18 жас аралығындағы балаларға еңбек етуге рұқсат бар. Бүгінде осы санаттағы балалардың жалпы саны 1 млн 700 мың адамды құрайды. Ал министрліктің ақпараттық жүйелеріне түскен деректер бойынша бүгінгі күні ресми түрде 5 мың 300 оқушы жұмыспен қамтылған.
"Жасөспірімдердің басым бөлігі сауда, ойын-сауық және демалыс қызметтері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану салаларында жұмыс істейді. Бұл – олардың алғашқы еңбек тәжірибесін меңгеретін бағыттар. Ал мамандықтар бойынша көгалдандыру жұмысшылары, курьерлер, даяшылар, сатушы-консультанттар, аспаз көмекшілері, аниматорлар болып еңбек етеді", - деді Ертаев үкіметтің бүгінгі отырысында
Қазіргі еңбек жасындағы балалардың басым бөлігі оңтүстік аймақтарда – Түркістан (236,6 мың), Алматы (143,5 мың), Жамбыл (120 мың) облыстарында тұрады. Сондай-ақ, Алматы (161,8 мың), Астана (107 мың) мен Шымкент (112 мың) қалаларында көп тіркелген.
"Оқушылар арасындағы ең жоғары жұмыспен қамтылу мегаполистерде байқалады. Ол республика бойынша жұмыс жасайтын балалардың 59%-ды құрайды. Себебі ірі сауда, ойын-сауық орталықтарының дені мегополистерде орналасқан", - деді министр.