Министр аттестат тапсыру кештеріне қатысты ескерту жасады

© Sputnik/Ертай СарбасовМектеп түлектері
Мектеп түлектері - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2026
Жазылу
Әкімдіктер мен ішкі істер органдары осы мәселені бірлесіп қатаң бақылайтын болады
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп түлектеріне аттестат тапсыру кештеріне қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
17–18 маусым күндері 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтеді. Осы шаралар тек мектепте ұйымдастырылуы шарт.
"Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды", - деді Сүлейменова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Әкімдіктер мен ішкі істер органдары осы мәселені бірлесіп қатаң бақылайтын болады.
Құжаттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2026
Грантқа құжат қабылдау мерзімі белгілі болды
Жаңалықтар
0