Санитарлар Құрбан айтта астан улану қаупі жоғары екенін ескертті

© Sputnik / Абзал Калиев Abzal KALIYEVЖертвоприношение на Курбан айт
Жертвоприношение на Курбан айт - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Жазылу
Мереке кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажет
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Құрбан айтта тамақтан улану қаупі жоғары екенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мерекеде мал сату, сою және тағам дайындау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажет.
"Бұл тағамнан уланудың, жіті ішек инфекциялары мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі",-дейді мамандар.
Мал сату және сою кезіндегі талаптар:
малды сату мен құрбан шалуды тек арнайы белгіленген орындарда жүргізу;
жануарларға ветеринариялық құжаттардың болуы;
сою орындарында санитариялық талаптарды сақтау;
қызметкерлердің медициналық кітапшаларының болуы.
Ал үйде жасалған консервілерді қолданар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу қажет. Тез бұзылатын тағамдарды дайындалғаннан кейін бірден жеп қойған дұрыс. Сосын инфекциялық және тері ауруларының белгілері бар адамдарды тағам дайындауға жібермеген жөн.
Тамақтану нысандары мен мешіттерде: -суық және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз ету;
қол жууға және кептіруге арналған құралдардың болуы;
желдету және кондиционерлеу жүйелерінің жарамды жұмыс істеуі;
тағам өнімдеріне құжаттардың болуы;
санитариялық талаптардың сақталуы;
қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болуы және күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуі.
Құрбан Айт: Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Құрбан айт: Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді
Жаңалықтар
0