Қордай тұрғыны алабай қырған 45 бас қойдың ақысын өндіріп алды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуҚордай тұрғыны алабай қырған 45 бас қойдың ақысын өндіріп алды
Қордай тұрғыны алабай қырған 45 бас қойдың ақысын өндіріп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Жазылу
Өтемақы мен сот шығындары аудандық ветеринарлық бөлімнен өндірілді
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Қордай ауданында шаруа қожалығының иесі алабай қырған қойдың ақысын өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға екі жыл бұрын қараша айында болған. Қараусыз қалған алабай шаруа қожалығының қорасына түсіп, 45 бас қойды қырып тастаған. Бұны әкімдік пен ветеринарлық қызмет өкілдері тексерістен кейін арнайы актімен де растаған.
"Тексеріс кезінде жануардың иесі анықталмады. Ал қаңғыбас жануарларды аулау және олардың санын реттеу функциялары ветеринарлық қызметке жүктелген. Осыдан кейін қойдың иесі материалдық залалды Қордай аудандық әкім аппараты мен ветеринарлық бөлімінен өндіріп алуды талап етті", - делінген соттың хабарламасында.
Ветеринарлар мал иесі тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қолға алынбағанын мәлімдеді. Бірақ судья ол дәлелдерді дәрменсіз деп таныды. Себебі жануарларды ұстау тиісті жағдайларда жүзеге асырылды. Соның бәрі дәлелмен расталды.
Залалдың мөлшерін айқындау кезінде ресми деректер есепке алынды. 2024 жылы бір қойдың орташа құны 57 мың теңгеден асқан. Осылайша, өтемақының жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден асты.
Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Ветеринарлық бөлімінен көрсетілген сома мен сот шығындары өндірілді. Ал ауылдық округ әкімі аппаратына қойылған талаптар қанағаттандырылған жоқ.
87 собак и 11 кошек обнаружили зооволонтеры на черной передержке в дачном поселке Али - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Ақмола облысында биыл 1500-ден астам адамды ит талаған
Жаңалықтар
0