https://sputnik.kz/20260525/ermek-serkebaevtyn-100-zhyldygyna-arnalgan-kollektsiyalyq-monetalar-aynalymga-shygady-63698422.html
Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналымға шығады
Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналымға шығады
Sputnik Қазақстан
Коллекциялық монеталар 28 мамырдан бастап Ұлттық банктың интернет-дүкені арқылы сатылады 25.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-25T14:10+0500
2026-05-25T14:10+0500
2026-05-25T14:10+0500
ұлттық банк
монета
https://sputnik.kz/img/07ea/05/19/63692713_81:0:819:415_1920x0_80_0_0_4d9ca80eafd0c0f1c007355f3a20fb40.png
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк Ермек Серкебаев атындағы коллекциялық монеталарды айналымға шығарады. "Көрнекті оқиғалар және адамдар" сериясындағы 100 JYL монетасы және "Жүректен жүрекке" сериясынан "Айналайын" монетасы шығарылып жатыр.Бірінші монета көрнекті кеңестік және қазақ опера әншісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған.200 теңгелік монета мельхиордан жасалған және салмағы 15 грамм. Барлығы 7000 дана шығарылды.Ал "Айналайын" атты монетада құрақ көрпені еске түсіретін композиция бейнеленген. Ол 925 сынамалы күмістен жасалған. Дайындау барысында түрлі түсті баспа және құбылмалы кемпірқосақ реңкті (интерференциялық) қабат технологиясы қолданылған. Номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3 000 дана.Монеталардың барлық түрі Қазақстанның бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға болады. Сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады, дейді Ұлттық банк.
https://sputnik.kz/20260218/ulttyq-bank-eki-zhana-kollektsiyalyq-moneta-shygardy-61265121.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/19/63692713_168:0:721:415_1920x0_80_0_0_6a263a3645aeface43219ffaf6b5ae7b.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, монета
Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналымға шығады
Коллекциялық монеталар 28 мамырдан бастап Ұлттық банктың интернет-дүкені арқылы сатылады
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк Ермек Серкебаев атындағы коллекциялық монеталарды айналымға шығарады.
"Көрнекті оқиғалар және адамдар" сериясындағы 100 JYL монетасы және "Жүректен жүрекке" сериясынан "Айналайын" монетасы шығарылып жатыр.
Бірінші монета көрнекті кеңестік және қазақ опера әншісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған.
200 теңгелік монета мельхиордан жасалған және салмағы 15 грамм. Барлығы 7000 дана шығарылды.
Ал "Айналайын" атты монетада құрақ көрпені еске түсіретін композиция бейнеленген. Ол 925 сынамалы күмістен жасалған. Дайындау барысында түрлі түсті баспа және құбылмалы кемпірқосақ реңкті (интерференциялық) қабат технологиясы қолданылған. Номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3 000 дана.
"Монета жиегінің бойымен шеңбер жасап қайталанған "AINALAIYN" сөзі шетінен ортасына қарай ағылған қозғалыс әсерін береді. Композицияның ортасында шуақты күн бейнелі ою-өрнекпен көмкерілген "Жүрек" элементі орналасқан. Бұл бейнелер жылулықты, шексіз махаббат пен шынайы қамқорлықты білдіретін қазақтың "Айналайын" сөзінің мағынасын ашуға арналған", - деп жазды Ұлттық банк.
Монеталардың барлық түрі Қазақстанның бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға болады. Сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады, дейді Ұлттық банк.