Диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізілді

© Photo : Пресс-служба Минэнерго КазахстанаДиқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізілді
Диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Жазылу
Қабылданған шаралар дизель отынын мақсатсыз пайдалану көлемін азайтуға мүмкіндік берді
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Энергетика министрлігі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынын бөлудің ашықтығын және оның қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін бірқатар қосымша шаралар енгізілген болатын.
Атап айтқанда, жеке ПИН-кодтар белгіленіп, отынды сары, көк және қызыл түстерге бояу жүйесі енгізілді, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жүйесінде дизель отынына арналған жеке виртуалды қойма құрылды.
Қабылданған шаралар дизель отынын мақсатсыз пайдалану көлемін азайтуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, нақты тұтыну көлемі 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін төмендеп, 21 %-ға қысқарды.
Жыл басында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері егіс науқанына арналған 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітті. Жеткізілімдер ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығында жүргізіледі.
Министрліктің айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда.
Жанармай құю станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
АИ-92 мен дизель бағасына енгізілген мораторий қашан аяқталады
Жаңалықтар
0