Алматы облысында құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салынады

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуАлматы облысында құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салынады
Алматы облысында құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт  салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Жазылу
Жоба жүзеге асырылған жағдайда, шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Үкімет Алматы облысындағы "Алатау" еркін экономикалық аймағында (АЭА) толық циклді биофармацевтикалық кешен құрылысының инвестициялық келісімін бекітті.
Құжатқа Денсаулық сақтау министрлігі мен "Дала фармацевтикасы" серіктестігі арасында қол қойылды, деп хабарлады министрлер кабинеті.
Жеке инвестицияның жалпы көлемі 32,5 млрд теңгені (69 млн доллар) құрайды. Фармацевтикалық зауыт 20 түрлі дәрі-дәрмек шығаруды жоспарлап отыр.
"Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілер, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. Кәсіпорынды іске қосу 2031 жылға, жобалық қуатқа шығу 2032 жылға, ал негізгі бағыттар бойынша толық циклге көшу 2034 жылға жоспарланған", - делінген хабарламада.
Дәрі-дәрмек өндіру мен сертификаттаудан бөлек, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар да қарастырылған. Өзінің R&D бағытын дамыту, оның ішінде биоэквиваленттілік зерттеулерін жүргізу, тіркеу құжаттарын дайындау және халықаралық GMP стандарттарын енгізу жоспарланған. Бұдан бөлек, кешен базасында қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жүйесі құрылады.

"Қазіргі таңда елде фармацевтикалық өндіріс саласында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өскен. Салаға тартылған жалпы инвестиция көлемі 390 млрд теңгеден асты", - деп жазды үкімет.

Жобаны жүзеге асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысы аумағында заманауи фармацевтикалық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Токаев посетил завод Stadler Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2025
Тоқаев отандық фармацевтика индустриясын дамытуды тапсырды
Жаңалықтар
0