https://sputnik.kz/20260525/alayaqtar-zhasospirimderdin-akkauntyn-oz-maqsattaryna-paydalanady-ministrlik-eskertu-zhasady-63678041.html
Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсатына пайдаланады: министрлік ескерту жасады
Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсатына пайдаланады: министрлік ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады 25.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-25T09:24+0500
2026-05-25T09:24+0500
2026-05-25T12:14+0500
полиция
министрлік
алаяқ
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0b/47777407_0:0:2409:1356_1920x0_80_0_0_4da6eeb9772e0abd38d7f1fed086cd1c.jpg
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды үшінші тұлғаларға беру фактілері туралы мәлімдеме жасады.Полицияның айтуынша, алаяқтар жасөспірімдерден sim-карта мен аккаунтын алып, оларды өз мақсаттарына пайдаланады. Ал мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады.Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды бөгде адамдарға беру алаяқтық пен өзге де заңсыз әрекеттерді жасау құралына айналуы мүмкін. Бұл елдің заңнамасына сәйкес қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде қаралады, деді министрлік.ІІМ азаматтарды:
https://sputnik.kz/20260202/tiktokta-ozin-emshi-dep-tanystyrgan-alayaq-sottaldy-60859539.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0b/47777407_268:0:2409:1606_1920x0_80_0_0_bccfa3cb41dfa483376a7dfc00bf75f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, министрлік, алаяқ, жасөспірім
полиция, министрлік, алаяқ, жасөспірім
Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсатына пайдаланады: министрлік ескерту жасады
09:24 25.05.2026 (жаңартылды: 12:14 25.05.2026) Мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды үшінші тұлғаларға беру фактілері туралы мәлімдеме жасады.
Полицияның айтуынша, алаяқтар жасөспірімдерден sim-карта мен аккаунтын алып, оларды өз мақсаттарына пайдаланады. Ал мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады.
"Кәмелетке толмағандардың материалдық сыйақы алу мақсатында әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін басқа адамдарға беру жағдайлары тіркелуде. Қаскөйлербұл аккаунттарды азаматтарға алаяқтық қоңыраулар жасау үшін пайдаланады", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды бөгде адамдарға беру алаяқтық пен өзге де заңсыз әрекеттерді жасау құралына айналуы мүмкін. Бұл елдің заңнамасына сәйкес қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде қаралады, деді министрлік.
шығу тегі күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпауға;
өз аккаунттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеуге;
кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен салдарын түсіндіруге;
абоненттік нөмірлерді мессенджерлерде тіркеп, кейін оларды бөгде адамдарға бермеуге;
күдікті әрекеттер байқалса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.