Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2026
Жазылу
Төтенше жағдай кезінде шахтада 247 жұмысшы болған
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты", - делінген хабарламада.
Президент жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Еске салсақ, Қытайдың Шаньси провинциясында көмір шахтасында жарылыс болды. Төтенше жағдай кезінде шахтада 247 жұмысшы болған. Соңғы мәлімет бойына 90 кенші қаза тапты.
Угольная шахта  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2026
Қытайда көмір шахтасында жарылыс болды - 90 адам қаза тапты
Жаңалықтар
0