"Сақ болыңыз": полиция айыппұл туралы SMS келсе, не істеу керектігін түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2026
Жазылу
Соңғы уақытта әкімшілік айыппұл туралы күмәнді SMS-хабарламалар көбейген
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысында айыппұлға қатысты жалған хабарламалар жіберетін алаяқтар көбейді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Соңғы уақытта тұрғындарға жол полициясы департаменті атынан әкімшілік айыппұл туралы күмәнді SMS-хабарламалар жиі жіберіліп жатыр. Бұл – ақша мен жеке деректерді қолды қылғысы келетін алаяқтардың ісі", - деп ескертті полиция қызметкерлері.
Ведомство мұндай кезде не істеу керектігін түсіндірді:
күмәнді сілтемелерге өтпеңіз,
бөгде сайттарға жеке мәліметтер мен банк картасының деректерін енгізбеңіз.
Айыппұлды тек ресми дереккөздерден тексеріңіз:
qamqor.gov.kz,
eGov.kz,
Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
SMS-хабарлама тарату арқылы алаяқтық жасаған топ ұсталды
Жаңалықтар
0