https://sputnik.kz/20260524/qazaqstandyq-tennisshi-qyrgyzstandagy-khalyqaralyq-turnirdin-zhenimpazy-atandy-63670649.html
Қазақстандық теннисші Қырғызстандағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Қырғызстандағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Sputnik Қазақстан
Даниель Юрекли финалға дейін қарсыластарына бірде-бір сет бермеді 24.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-24T17:56+0500
2026-05-24T17:56+0500
2026-05-24T17:56+0500
теннис
чемпион
қырғызстан
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/05/18/63670737_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_6b6a00ef82f07b89d88d88417da86c7b.jpg
АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. 16 жастағы қазақстандық теннисші Даниель Юрекли Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30) сериясындағы халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.Юрекли финалға дейін қарсыластарына бірде-бір сет бермеді.Айта кетейік, бұл – Юреклидің соңғы уақыттағы халықаралық аренадағы екінші сәтті өнері. Бір ай бұрын Душанбеде (Тәжікстан) өткен осындай ITF J30 санатындағы турнирде қазақстандық жасөспірім отандасы Арафат Мұстафамен бірге жұптық сында жеңімпаз атанып, жекелей сында финалға дейін жеткен болатын.
https://sputnik.kz/20260419/elena-rybakina-shtutgarttagy-turnirde-zheniske-zhetti-62790866.html
қырғызстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/18/63670737_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_2ee3d75db6adc8b0bf9834e4cfd7594c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теннис, чемпион, қырғызстан, қазақстан
теннис, чемпион, қырғызстан, қазақстан
Қазақстандық теннисші Қырғызстандағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Даниель Юрекли финалға дейін қарсыластарына бірде-бір сет бермеді
АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. 16 жастағы қазақстандық теннисші Даниель Юрекли Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30) сериясындағы халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Юрекли финалға дейін қарсыластарына бірде-бір сет бермеді.
"Бас жүлде сарапқа салынған шешуші матчта Даниель жарыстың бесінші ракеткасы, ресейлік Максим Бочаровпен кездесті. Алғашқы партияда есе жібергенімен, қазақстандық спортшы ойын өрнегін өзгерте біліп, үш сет қорытындысы бойынша ерік-жігерінің арқасында жеңісті жұлып алды. Тартысты бәсекенің соңғы есебі – 5:7, 6:4, 6:3", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұл – Юреклидің соңғы уақыттағы халықаралық аренадағы екінші сәтті өнері. Бір ай бұрын Душанбеде (Тәжікстан) өткен осындай ITF J30 санатындағы турнирде қазақстандық жасөспірім отандасы Арафат Мұстафамен бірге жұптық сында жеңімпаз атанып, жекелей сында финалға дейін жеткен болатын.