https://sputnik.kz/20260524/densaulyq-saqtau-ministrligi-narkologiyalyq-ortalyqtarga-keshendi-tekseru-zhurgizedi-63666718.html
Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеріс жүргізеді
Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеріс жүргізеді
Sputnik Қазақстан
Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі 24.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-24T09:55+0500
2026-05-24T09:55+0500
2026-05-24T11:59+0500
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/04/12/62775720_0:495:1024:1072_1920x0_80_0_0_93afa3031d75fff901ca23fd6825db6c.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы наркологиялық орталықтарға кешенді тексеріс жүргізеді, деп хабарлады баспасөз қызметі.Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтардың тарапынан жіберілетін заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өткізді.Кеңес барысында азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар және алкогольдік масаң күйді анықтау бойынша куәландыру жүргізу кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты анықталған фактілер қаралды.Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында барлық өңірлік наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды."Ведомство басшысы заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар қолданыстағы заңнаманың шеңберінде процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетінін атап өтті", - делінген хабарламада.Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін ҚР ДСМ-нің тиісті бұйрығына рәсімдердің ашықтығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді.
https://sputnik.kz/20230305/almaty-oblysynyn-turgyny-qyzyn-narkologiyalyq-ortalyqta-emdetu-ushin-adam-zhaldagan--32682860.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/12/62775720_0:419:1024:1188_1920x0_80_0_0_1a021d19c83d3c29ddf899589a7b42da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі
денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарға кешенді тексеріс жүргізеді
09:55 24.05.2026 (жаңартылды: 11:59 24.05.2026) Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы наркологиялық орталықтарға кешенді тексеріс жүргізеді, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтардың тарапынан жіберілетін заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар және алкогольдік масаң күйді анықтау бойынша куәландыру жүргізу кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты анықталған фактілер қаралды.
Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында барлық өңірлік наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.
"Ведомство басшысы заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар қолданыстағы заңнаманың шеңберінде процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетінін атап өтті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін ҚР ДСМ-нің тиісті бұйрығына рәсімдердің ашықтығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді.