Әскери оқу орындарының түлектеріне әскери атақ беру тәртібі өзгерді

© Photo : Минобороны КазахстанаТворческий коллектив Вооруженных Сил Республики Казахстан
Творческий коллектив Вооруженных Сил Республики Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2026
Жазылу
Оқуды үздік бітірген түлектерге бұдан былай "аға лейтенант" әскери атағы беріледі
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақ беру тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңға өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, курсанттарға әскери атақ беру тәртібі өзгереді.
"Қазақстанның және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанын үздік бітірген түлектерге бұдан былай "аға лейтенант" әскери атағы беріледі. Сонымен қатар, оларға қызмет орнын өз қалауы бойынша таңдау құқығы берілмек", - делінген ресми хабарламада.
Осы заңнамалық түзету әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып, курсанттардың оқуда және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ынтасын арттыруы керек.
Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2026
Жоғары әскери оқу орындары мен колледждерде халықаралық дзюдо жүйесі енгізілмек
Жаңалықтар
0