https://sputnik.kz/20260524/aqtobe-oblysynda-ishimdikten-bas-tartqan-auyldardyn-sany-40-qa-zhetti-63669472.html
Ақтөбе облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны 40-қа жетті
Ақтөбе облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны 40-қа жетті
Sputnik Қазақстан
Тұрғындары алкогольден бас тартқан ауылдарда тұрмыстық жанжал мен құқықбұзушылық саны азайған 24.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-24T13:57+0500
2026-05-24T13:57+0500
2026-05-24T13:57+0500
ақтөбе облысы
ішімдік
https://sputnik.kz/img/315/58/3155829_0:153:3097:1895_1920x0_80_0_0_e30c30654c0010c9ccf4026ec6ccddc6.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты, осылайша олардың саны 40-қа жетті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Әйтеке би ауданының Қияқты ауылында жергілікті атқарушы органдар, қоғам өкілдері және полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға ауыл әкімі, ауыл ақсақалдары, полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық тәртіпті нығайту және ауылдағы қолайлы әлеуметтік ахуалды сақтау мәселелері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алкоголь өнімдерін сату және тұтынудан бас тарту бастамасын бірауыздан қолдады.Қияқты ауылында 62 үй бар, халық саны – 207 адам. Соңғы бес жыл ішінде ауыл аумағында бірде-бір қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылық тіркелмегені аталып өтті. Полиция қызметкерлері мұндай оң нәтижелер тұрғындардың ауызбіршілігі, ауыл халқының белсенді азаматтық ұстанымы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, ақсақалдар кеңесі мен полицияның бірлескен профилактикалық жұмысының арқасында мүмкін болып отырғанын алға тартты.Бүгінде облыс бойынша 40 елді мекен алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тарту бастамасын қолдады. Тұрғындары алкогольден бас тартқан ауылдарда тұрмыстық жанжалдар мен құқықбұзушылықтар саны азайып, қоғамдық тәртіп нығайып, қауіпсіздік деңгейі артып келеді.Полиция қызметкерлері тұрғындарды өзара сыйластықты, заңға құрметті және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау дәстүрін одан әрі сақтауға шақырды.
https://sputnik.kz/20260520/abay-oblysynda-otyzynshy-auyl-ishimdikten-bas-tartty-63579445.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/315/58/3155829_182:0:2913:2048_1920x0_80_0_0_389afa4b3e8967d051daafc29c3f07a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, ішімдік
Ақтөбе облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны 40-қа жетті
Тұрғындары алкогольден бас тартқан ауылдарда тұрмыстық жанжал мен құқықбұзушылық саны азайған
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты, осылайша олардың саны 40-қа жетті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әйтеке би ауданының Қияқты ауылында жергілікті атқарушы органдар, қоғам өкілдері және полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға ауыл әкімі, ауыл ақсақалдары, полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық тәртіпті нығайту және ауылдағы қолайлы әлеуметтік ахуалды сақтау мәселелері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алкоголь өнімдерін сату және тұтынудан бас тарту бастамасын бірауыздан қолдады.
Қияқты ауылында 62 үй бар, халық саны – 207 адам. Соңғы бес жыл ішінде ауыл аумағында бірде-бір қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылық тіркелмегені аталып өтті.
Полиция қызметкерлері мұндай оң нәтижелер тұрғындардың ауызбіршілігі, ауыл халқының белсенді азаматтық ұстанымы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, ақсақалдар кеңесі мен полицияның бірлескен профилактикалық жұмысының арқасында мүмкін болып отырғанын алға тартты.
Бүгінде облыс бойынша 40 елді мекен алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тарту бастамасын қолдады. Тұрғындары алкогольден бас тартқан ауылдарда тұрмыстық жанжалдар мен құқықбұзушылықтар саны азайып, қоғамдық тәртіп нығайып, қауіпсіздік деңгейі артып келеді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды өзара сыйластықты, заңға құрметті және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау дәстүрін одан әрі сақтауға шақырды.