https://sputnik.kz/20260523/zhanbyr-zhauyp-nayzagay-oynaydy-3-kunge-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy-63647678.html
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Sputnik Қазақстан
24–25 мамырда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін 23.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-23T11:08+0500
2026-05-23T11:08+0500
2026-05-23T11:11+0500
жаңбыр
ауа райы болжамы
найзағай
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459814_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2f33bbcbaca67ac84ea6343465fff9c1.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті.Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ал шығыс өңірлерде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр мен қар) сақталады.Республиканың қалған аумақтарында көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыста, шығыста және орталық өңірлерде түнде 1–3 градус үсік жүреді.Қазақстан бойынша күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:Сонымен қатар синоптиктер бүгін жекелеген өңірлерде −1…−4°C дейін үсік, шаңды дауыл және 23–28 м/с дейінгі қатты жел күтілетінін хабарлады:
https://sputnik.kz/20260518/zhanbyr-men-burshaq-zhauyp-nayzagay-oynaydy---aldagy-3-kunge-arnalgan-aua-rayy-63540344.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52459814_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_03ec281eaec82e637223e96c51bdaa18.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңбыр, ауа райы болжамы, найзағай
жаңбыр, ауа райы болжамы, найзағай
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 3 күнге арналған ауа райы болжамы
11:08 23.05.2026 (жаңартылды: 11:11 23.05.2026) 24–25 мамырда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті.
Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ал шығыс өңірлерде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр мен қар) сақталады.
"23 мамыр күні Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. 24–25 мамырда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Республиканың қалған аумақтарында көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыста, шығыста және орталық өңірлерде түнде 1–3 градус үсік жүреді.
Қазақстан бойынша күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
солтүстікте және орталықта +20…+32°С дейін,
оңтүстікте +22…+35°С дейін,
оңтүстік-шығыста +20…+28°С дейін көтеріледі.
Сонымен қатар синоптиктер бүгін жекелеген өңірлерде −1…−4°C дейін үсік, шаңды дауыл және 23–28 м/с дейінгі қатты жел күтілетінін хабарлады:
Астана - түнде 1°C дейін үсік күтіледі.
Алматы - түнде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр.
Шымкент - түнде жаңбыр, найзағай, дауыл, жел екпіні 15–20 м/с.