Жамбыл облысында 42 жыл бойы құжатсыз жүрген ер адам жеке куәлігін алды

© Sputnik / Болат ШайхиновДокументы
Документы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2026
Жазылу
Тұрғынға жеке куәлік алуға полиция көмек көрсетті
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында 42 жыл бойы құжатсыз жүрген ер адам алғаш рет жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

1984 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны осы уақытқа дейін жеке куәліксіз жүрген. Құжаттары мен тұрақты тұрғылықты мекенжайының болмауына байланысты ұзақ жылдар бойы қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүріп, азаматтық құқықтарын толық пайдалана алмаған.
"Ол Қордай ауданына көшіп келген соң шалғай таулы аймағында малшы болып жұмыс жасаған. Біз алдымен оның жеке басын анықтап, қажетті мәліметтерді қалпына келтіру, құжаттарын рәсімдеу, архивтік мәліметтерді жинап, жеке деректерін тексере отырып тиісті сұраныстар жолдау жұмыстарын ұйымдастырып, құжаттардың толық топтамасын дайындап бердік", - дейді полицейлер.
Осы жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылғы 20 мамырда Самат Жанеков алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды. Ол полицияға, сондай-ақ "Аяла" отбасын қолдау орталығына алғыс білдірді.
Жеке куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2025
2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады
Жаңалықтар
0