https://sputnik.kz/20260523/duniezhuzilik-dopingke-qarsy-agenttik-2027-zhylgy-kongresin-astanada-otkizui-mumkin-63642457.html
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2027 жылғы конгресін Астанада өткізуі мүмкін
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2027 жылғы конгресін Астанада өткізуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Мұндай деңгейдегі іс-шаралардың Қазақстанда өтуі елдің антидопинг саясатындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі ретінде қарастырылады 23.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-23T09:15+0500
2026-05-23T09:15+0500
2026-05-23T09:16+0500
астана
министрлік
допинг
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35387059_0:0:801:450_1920x0_80_0_0_5eb6bac32ca30ab5bb75f3bd6d411a2f.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі 2027 жылғы конгресін Астанада өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.Биыл наурыз айында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты аясында Туризм және спорт министрі мен WADA президенті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат білім беру, допингтің алдын алу және ғылыми зерттеулер бағыттарындағы бірлескен жұмысты кеңейтуге бағытталған.Сондай-ақ ол Қазақстанның антидопинг мәдениетін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.Кездесу барысында тараптар 2027 жылы Астанада WADA Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын өткізу мүмкіндігін талқылады. Мұндай деңгейдегі іс-шаралардың Қазақстанда өтуі елдің антидопинг саясатындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі ретінде қарастырылады.Бүгінде Қазақстан әлемдік спорттағы әділдік, ашықтық және адал бәсекелестік қағидаттарын дәйекті түрде қолдайтын сенімді халықаралық әріптес ретіндегі рөлін нығайтып келеді, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260511/astanada-ustel-tennisinen-alem-chempionaty-otedi-turnir-tuy-qazaqstanga-tabystaldy-63334549.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35387059_100:0:700:450_1920x0_80_0_0_32a65ccfa6d65b5ff6cffb67d067c5e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, министрлік, допинг
астана, министрлік, допинг
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2027 жылғы конгресін Астанада өткізуі мүмкін
09:15 23.05.2026 (жаңартылды: 09:16 23.05.2026) Мұндай деңгейдегі іс-шаралардың Қазақстанда өтуі елдің антидопинг саясатындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі ретінде қарастырылады
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі 2027 жылғы конгресін Астанада өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.
Биыл наурыз айында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты аясында Туризм және спорт министрі мен WADA президенті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат білім беру, допингтің алдын алу және ғылыми зерттеулер бағыттарындағы бірлескен жұмысты кеңейтуге бағытталған.
"Қазақстан Орталық Азия өңірінде таза спортты дамытуда маңызды рөл атқарады", – деді WADA президенті Витольд Банька.
Сондай-ақ ол Қазақстанның антидопинг мәдениетін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Кездесу барысында тараптар 2027 жылы Астанада WADA Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын өткізу мүмкіндігін талқылады. Мұндай деңгейдегі іс-шаралардың Қазақстанда өтуі елдің антидопинг саясатындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі ретінде қарастырылады.
Бүгінде Қазақстан әлемдік спорттағы әділдік, ашықтық және адал бәсекелестік қағидаттарын дәйекті түрде қолдайтын сенімді халықаралық әріптес ретіндегі рөлін нығайтып келеді, дейді министрлікте.