https://sputnik.kz/20260523/basty-roldi-somdaysyn-balalardy-aldagan-kinostudiya-direktory-qamauga-alyndy-63648645.html
"Басты рөлді сомдайсың": балаларды алдаған киностудия директоры қамауға алынды
"Басты рөлді сомдайсың": балаларды алдаған киностудия директоры қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Ұл-қызын жұлдыз қылғысы келген ата-аналар келісімшартқа отырып, әрқайсысы бір жарым миллион теңгеден төлеген 23.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-23T12:25+0500
2026-05-23T12:25+0500
2026-05-23T12:25+0500
алматы
кино
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0d/16024422_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_6f3c30a835b68fda632f8c53acf5af90.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Алматыда атышулы JAN Production киностудиясының директоры екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.Директор жүздеген ата-ананы алдап, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр. Себебі киностудияда кастингтен кейін барлық балаға "басты рөлді сомдайсың" деген уәде берілген.Ұл-қызын жұлдыз қылғысы келген ата-аналар келісімшартқа отырып, әрқайсысы бір жарым миллион теңгеден төлеген. Алайда елге танымал актерлермен ешкімді киноға түсірмепті, балаларды қызыл кілеммен де жүргізген жоқ.Қалалық полиция департаменті қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.Ал сан соғып қалған ата-аналар киностудияның жарнамасына түскен танымал актерлерді де қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр.
https://sputnik.kz/20260506/tarazda-menedzher-klientter-men-avtosalondy-334-mln-tengege-aldagan-63213286.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0d/16024422_0:0:1700:1275_1920x0_80_0_0_06892bd9dfd8d2a0c82438a24bd635d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, кино, алаяқтық
"Басты рөлді сомдайсың": балаларды алдаған киностудия директоры қамауға алынды
Ұл-қызын жұлдыз қылғысы келген ата-аналар келісімшартқа отырып, әрқайсысы бір жарым миллион теңгеден төлеген
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Алматыда атышулы JAN Production киностудиясының директоры екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
КТК арнасына сілтеме жасап.
Директор жүздеген ата-ананы алдап, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр. Себебі киностудияда кастингтен кейін барлық балаға "басты рөлді сомдайсың" деген уәде берілген.
Ұл-қызын жұлдыз қылғысы келген ата-аналар келісімшартқа отырып, әрқайсысы бір жарым миллион теңгеден төлеген. Алайда елге танымал актерлермен ешкімді киноға түсірмепті, балаларды қызыл кілеммен де жүргізген жоқ.
Қалалық полиция департаменті қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.
"Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл іске қатысы бар күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамау тағайындалып отыр. Қазір ол тергеу изоляторында. Тергеу жалғасып жатыр", - дейді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ал сан соғып қалған ата-аналар киностудияның жарнамасына түскен танымал актерлерді де қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр.