Астана аспанында әскери жойғыш ұшақтар ұшады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы әскери ұшақтар
Астанадағы әскери ұшақтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2026
Жазылу
Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу шаралары қауіпсіз биіктікте жүргізіліп, қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Астанада 28 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді.
"Іс-шараға дайындыққа байланысты 24 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады", - деп жазылған хабарламада.
Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу шаралары қауіпсіз биіктікте жүргізіліп, қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен көрсетілімдік ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің жоғарылауына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Қорғаныс министрлігі барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылған және халыққа ешқандай қауіп төндірмейінін, сонымен қатар түрлі түсті түтіндерді қолдану тек көрсетілімдік сипатқа ие және қоршаған ортаға зиян келтірмейтінін ескертті.
Антитеррористические учения - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Астанада 21 мамырда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді
Жаңалықтар
0