АХҚО шешімі Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық мүддесіне зиян келтірмеуі керек - сарапшы

© Photo : АкордаПрезиденты Казахстана и Армении посетили МФЦА "Астана"
Президенты Казахстана и Армении посетили МФЦА Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Ресейдің ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры бас директорының орынбасары Алексей Гривач "Астана" Халықаралық қаржы орталығының соты шығарған шешімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Украинаның "Нафтогаз" мемлекеттік компаниясы "Газпромнан" 1,4 млрд доллар өндіріп алуды талап еткен. Швейцария соты бұл талап бойынша оң шешім шығарған. Ал "Астана" Халықаралық қаржы орталығының соты шешімді қолдады.
Қазақстанның әділет министрлігі таратқан түсініктемеге сәйкес, "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты Қазақстанның сот жүйесіне кірмейді. Бұл – эксаумақтық юрисдикция. Қаржы орталығының соты коммерциялық дау-дамайларды өз регламенті мен халықаралық ережелері негізінде қарайды.
"Дегенмен, Қазақстанның билік органдарының жүйесіне, соның ішінде сот билігіне кірмейтін құрылымның шешімі Қазақстанның және оның негізгі серіктесі мен одақтасы Ресей Федерациясының стратегиялық мүдделеріне зиян келтірмейтіндей істеу керек", - деді Гривач.
Осы орайда сарапшы Еуропада шығарылатын шешімдердің әділдігіне күмән келтірді.
"Мәселе мынада, дәл қазір ресейлік компанияларға Еуропада төрелік істерді жүргізу өте қиын. Оған көп себеп бар. Саяси, техникалық, заңнамалық, қызмет ақысын төлеудің өзі қиынға түседі. Бұның барлығы сот процесінің жарыспалылық қағидаттарын бұзады. Осы ұстанымдардың әділдігі мен заңға сәйкестігіне күмән келтіреді", — деп атап көрсетті Гривач.
Фемида мүсіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
"Газпром" мен "Нафтогаз" дауы бойынша АХҚО шешіміне Қазақстанның қатысы жоқ - министрлік
Жаңалықтар
0