https://sputnik.kz/20260522/sausaq-izi-saqtalgan-politsiya-20-zhyl-buryn-aqsha-urlagan-adamdy-tapty-63626663.html
"Саусақ ізі сақталған": полиция 20 жыл бұрын ақша ұрлаған адамды тапты
"Саусақ ізі сақталған": полиция 20 жыл бұрын ақша ұрлаған адамды тапты
Sputnik Қазақстан
Күдікті ақша ұрлағанын мойындады 22.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-22T13:50+0500
2026-05-22T13:50+0500
2026-05-22T13:50+0500
ақмола облысы
полиция
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ақмола облысының полициясы 20 жыл бұрын ұрланған ақшаға қатысты істі ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Бұл қылмыс 2007 жылы Атбасарда жасалған. Шаруа қожалығының иесі көлігін гаражға қойып кеткен. Оның ішінен 300 мың теңге ұрланған. Полиция оқиға орнын зерделеп, шұғыл іздестіру шараларын өткізсе де, күдіктіні анықтай алмады. Бірақ базада криминалистер түсіріп алған саусақ іздері сақталған. Қылмыстық іс ұзақ уақыт бойы ашылмай келген.Жақында атбасарлық тергеушілер ұрының ізіне түсті. Жергілікті полицейлер есірткі қылмысын жасаған ер адамды ұстаған. Ал оның саусақ ізі базаға енгізілді.Айта кетері, бұған дейін Ақмола облысында 61 жастағы ер адам 24 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған болатын.
https://sputnik.kz/20260401/auzyna-topyraq-toltyryp-azhetkhanaga-tastagan-24-zhyl-buryn-zhasalgan-qylmys-ashyldy-62330841.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, полиция, ұрлық
ақмола облысы, полиция, ұрлық
"Саусақ ізі сақталған": полиция 20 жыл бұрын ақша ұрлаған адамды тапты
Күдікті ақша ұрлағанын мойындады
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ақмола облысының полициясы 20 жыл бұрын ұрланған ақшаға қатысты істі ашты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz
порталына сілтеме жасап.
Бұл қылмыс 2007 жылы Атбасарда жасалған. Шаруа қожалығының иесі көлігін гаражға қойып кеткен. Оның ішінен 300 мың теңге ұрланған. Полиция оқиға орнын зерделеп, шұғыл іздестіру шараларын өткізсе де, күдіктіні анықтай алмады. Бірақ базада криминалистер түсіріп алған саусақ іздері сақталған. Қылмыстық іс ұзақ уақыт бойы ашылмай келген.
Жақында атбасарлық тергеушілер ұрының ізіне түсті. Жергілікті полицейлер есірткі қылмысын жасаған ер адамды ұстаған. Ал оның саусақ ізі базаға енгізілді.
"Криминалистік есепті зерделеу кезінде ұсталған ер адамның саусақ іздері 20 жыл бұрын ұрлық жасалған жердегі саусақ ізіне толығымен сәйкес болып шыққан. Ер адам сол кезде ақша ұрлағанын мойындады", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұған дейін Ақмола облысында 61 жастағы ер адам 24 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін
сотталған болатын.