Ресеймен экономикалық байланыстарға қауіп төндіру Қазақстан мүддесіне сай емес - сарапшы

© Sputnik / Алексей ВитвицкийГаз құбыры
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
Жазылу
Қазақстан мен Ресей "ҚазРесГаз" компаниясын қоса алғанда, бірлескен кәсіпорындары бар және нарыққа отын жеткізуге байланысты активтерге ие
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ресеймен өзара экономикалық байланыстарға қауіп төндіру Қазақстанның мүддесіне толығымен сәйкес келмейді, деді Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры бас директорының орынбасары Алексей Гривач,. Сарапшы Астана халықаралық қаржы орталығы сотының "Газпром" мен "Нафтогаз" арасындағы дау бойынша шешіміне осылай түсініктеме берді.
Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Алексей Гривач Қазақстан мен Ресей "ҚазРесГаз" компаниясын қоса алғанда, бірлескен кәсіпорындары бар және нарыққа отын жеткізуге байланысты активтерге ие екенін айтты.

"Сонымен қатар, ресурстардың үлкен көлемі Қазақстан арқылы Өзбекстан мен Қырғыз Республикасына транзитпен тасымалданады", - деді ол.

Ол сондай-ақ қазақстандық газ ресейлік зауыттарда өңделіп, содан кейін Қазақстанға да, Ресейге де жеткізілетінін мәлімдеді (бұл Қарашығанақтан шығатын газға қатысты).
"Сондықтан мұндағы өзара байланыс көлемі өте үлкен. Оларды тәуекелге тігу, менің ойымша, толығымен Қазақстанның мүддесіне сай емес", - деп қорытындылады сарапшы.
Бұған дейін әділет министрлігі Астана халықаралық қаржы орталығының соты елдің сот жүйесінің бөлігі болмағандықтан, Қазақстанның Астана халықаралық қаржы орталығының "Газпром" мен "Нафтогаз" арасындағы дау бойынша шешіміне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Петр Своик - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
Қазақстан "Газпромның" еншілес компанияларына қатысты АХҚО шешімін орындамайды - сарапшы
Жаңалықтар
0