https://sputnik.kz/20260522/qoshanov-prezidentke-konstitutsiyalyq-reformalardy-qamtamasyz-etu-boyynsha-malimet-berdi-63636805.html
Қошанов президентке конституциялық реформаларды қамтамасыз ету бойынша мәлімет берді
Қошанов президентке конституциялық реформаларды қамтамасыз ету бойынша мәлімет берді
Sputnik Қазақстан
Қазір депутаттардың қарауында 80 заң жобасы жатыр 22.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-22T17:26+0500
2026-05-22T17:26+0500
2026-05-22T17:38+0500
президент
парламент
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07ea/05/16/63636452_5:0:1276:715_1920x0_80_0_0_3911e801c342e67d29adfc7359a29a99.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берді.Парламент жаңа Ата заңның нормаларын іске асыруға жол ашатын жеті конституциялық заңды сапалы әрі уақтылы қабылдағанын айтты.Соның ішінде "Президент туралы", "Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Халық Кеңесі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы", "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" және басқа да конституциялық заңдар бар.Аталған жұмыс қоғам өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен ашық жүргізілді.Қошановтың айтуынша, қазір депутаттардың қарауында 80 заң жобасы жатыр. Оның қатарында жаңа Конституция қабылдауға байланысты рақымшылық жариялау, жол қозғалысындағы цифрландыру мен қауіпсіздік, жергілікті өзін-өзі басқару, телекоммуникация нарығын дамыту, машина жасау саласын дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, нотариат және басқа да мәселелер туралы заң жобаларын айтуға болады.Сонымен қатар мәжіліс төрағасы парламенттік дипломатия бағытындағы жұмыс қорытындылары, атап айтқанда, ТүрікПА, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және басқа парламентаралық ұйымдармен ықпалдастық жайында баяндады.
https://sputnik.kz/20260521/ayyppul-keshiriledi-mazhilis-raqymshylyqqa-qatysty-zandy-qarauga-kiristi-63598495.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/16/63636452_164:0:1117:715_1920x0_80_0_0_84cbe28fabda0eddee675de2fcf68a09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, парламент, мәжіліс
президент, парламент, мәжіліс
Қошанов президентке конституциялық реформаларды қамтамасыз ету бойынша мәлімет берді
17:26 22.05.2026 (жаңартылды: 17:38 22.05.2026) Қазір депутаттардың қарауында 80 заң жобасы жатыр
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берді.
Парламент жаңа Ата заңның нормаларын іске асыруға жол ашатын жеті конституциялық заңды сапалы әрі уақтылы қабылдағанын айтты.
Соның ішінде "Президент туралы", "Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Халық Кеңесі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы", "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" және басқа да конституциялық заңдар бар.
Аталған жұмыс қоғам өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен ашық жүргізілді.
Қошановтың айтуынша, қазір депутаттардың қарауында 80 заң жобасы жатыр. Оның қатарында жаңа Конституция қабылдауға байланысты рақымшылық жариялау, жол қозғалысындағы цифрландыру мен қауіпсіздік, жергілікті өзін-өзі басқару, телекоммуникация нарығын дамыту, машина жасау саласын дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, нотариат және басқа да мәселелер туралы заң жобаларын айтуға болады.
Сонымен қатар мәжіліс төрағасы парламенттік дипломатия бағытындағы жұмыс қорытындылары, атап айтқанда, ТүрікПА, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және басқа парламентаралық ұйымдармен ықпалдастық жайында баяндады.