https://sputnik.kz/20260522/qaragandy-tmd-zhastarynyn-astanasy-dep-zhariyalanady-63638660.html
Қарағанды мен Минск ТМД жастарының астанасы деп жарияланады
Қарағанды мен Минск ТМД жастарының астанасы деп жарияланады
Sputnik Қазақстан
Халықаралық жоба азаматтардың жас буынын мемлекетаралық қатынастардың барлық салаларында орнықты даму бағдарламаларын жүзеге асыруға тартуға бағытталған 22.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-22T18:59+0500
2026-05-22T18:59+0500
2026-05-22T19:02+0500
үкімет
түрікменстан
тмд
https://sputnik.kz/img/07ea/05/16/63638860_0:20:1280:740_1920x0_80_0_0_1390363b79eecd1544134f93341fb2c8.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады үкімет.Еске салайық, биыл Достастыққа Түрікменстан Республикасы төрағалық етіп отыр.ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, Түрікменстан мен Арменияның өкілдері, сондай-ақ ТМД-ның Бас хатшысы қатысты. Дәстүр бойынша отырыс шағын және кеңейтілген құрамда өтті.Отырыс қорытындысы бойынша ТМД елдерінің тау-кен металлургия кешені, көлік, радионавигация салаларын цифрлық трансформациялау, уран өндіру өндірістерінің әсеріне ұшыраған аумақтарды рекультивациялау, конгресс-көрме қызметі және тағы басқа салалардағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды."Бұдан бөлек, 2027 жылы Беларусь Республикасының Минск қаласын, 2028 жылы Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласын ТМД жастарының астанасы деп жариялау туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.Халықаралық жоба азаматтардың жас буынын мемлекетаралық қатынастардың барлық салаларында орнықты даму бағдарламаларын жүзеге асыруға тартуға бағытталған.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы осы жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында өтеді.
https://sputnik.kz/20260422/turkistanga-isesko-nyn-madeni-astanasy-martebesi-berilui-mumkin-62878890.html
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/16/63638860_134:0:1147:760_1920x0_80_0_0_565c419b58a9b8e356843647f5bf9ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, түрікменстан, тмд
үкімет, түрікменстан, тмд
Қарағанды мен Минск ТМД жастарының астанасы деп жарияланады
18:59 22.05.2026 (жаңартылды: 19:02 22.05.2026) Халықаралық жоба азаматтардың жас буынын мемлекетаралық қатынастардың барлық салаларында орнықты даму бағдарламаларын жүзеге асыруға тартуға бағытталған
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады үкімет.
Еске салайық, биыл Достастыққа Түрікменстан Республикасы төрағалық етіп отыр.
ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, Түрікменстан мен Арменияның өкілдері, сондай-ақ ТМД-ның Бас хатшысы қатысты. Дәстүр бойынша отырыс шағын және кеңейтілген құрамда өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша ТМД елдерінің тау-кен металлургия кешені, көлік, радионавигация салаларын цифрлық трансформациялау, уран өндіру өндірістерінің әсеріне ұшыраған аумақтарды рекультивациялау, конгресс-көрме қызметі және тағы басқа салалардағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.
"Бұдан бөлек, 2027 жылы Беларусь Республикасының Минск қаласын, 2028 жылы Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласын ТМД жастарының астанасы деп жариялау туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Халықаралық жоба азаматтардың жас буынын мемлекетаралық қатынастардың барлық салаларында орнықты даму бағдарламаларын жүзеге асыруға тартуға бағытталған.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы осы жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында өтеді.